3 “Б”,”Г”сыныптары “Бәрінен биік – Ана жүрегі” атты тәрбие сағаты өтті.
Ана – мейірімнің шуағы, махаббаттың бастауы, тіршіліктің тірегі. Бүгінгі тәрбие сағатында оқушылар ананың қадір-қасиеті, жүрегінің кеңдігі мен шексіз махаббаты туралы сыр шертіп, жүрек жарды өлеңдерін оқып, ән арнады.
Балғындарымыз аналарына деген ыстық ықыласын білдіріп, ақ тілектерін жолдады. Әр баланың қолындағы қызыл гүл – аналарға деген шексіз құрмет пен алғыстың белгісі болды.
Осындай тағылымы мол шаралар арқылы оқушылардың бойына анаға деген сүйіспеншілік, құрмет, ізгілік қасиеттері сіңіріледі.
Ана жүрегі – әлемдегі ең биік, ең мейірімді жүрек!
Сынып жетекшісі: Буркитбаева Г.Ж.
https://beisekbaev.balqash.edugov.kz/tarbie-jyesi-beisekbaev/tarbie-sagattary-beisekbaev/11824-3-b-g-synyptary-b-rinen-biik-ana-zh-regi-atty-t-rbie-sa-aty-tti.html#sigFreeId03346475be

