21 Сәу 2026
Жаналықтар

Ғылыми-көпшілік PRO.NRG FEST фестивалі

Ғылыми-көпшілік PRO.NRG FEST фестивалі аясында өткен ITECX Халықаралық конгресінің республикалық кезеңінде
“ШАБЫТ” КОМАНДАСЫ ИТАЛИЯҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ!
Астанада өткен халықаралық «PRO.NRG FEST» ғылыми фестивалінде Балқаш ауданы, Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының ұстаздары айтулы жеңіске жетті. Альвира Халыкова, Меруерт Достемесова, Үміт Мырзагуловажәне Аяулым Қуаныштан құралған «Шабыт» командасы «3D қазақ оюлары» жобасымен үздік деп танылды. Бұл жұмыс STEM бағыты мен ұлттық құндылықтардың озық синтезі. Ұстаздар математикалық есептеулер мен ІТ- технологияларды қолдана отырып, дәстүрлі ою-өрнектерді үшөлшемді форматқа көшірген.
Бұл әдіс ұлттық кодты заманауи тілде сөйлетіп, оқушылардың инженерлік ойлауын дамытуға бағытталған.
40-тан астам мықты команданың ішінен суырылып шыққан ұстаздарымыз енді халықаралық кезеңде еліміздің намысын Италия мемлекетінің астанасы Римде қорғайтын болады.
Италияға жолдама — бұл ерен еңбек пен шынайы қолдаудың нәтижесі! Ауыл мектептерінің әлеуетін көтеріп, ғылыми жобаларға жол ашқан @oqu_agartu_ministrligi ҚР Оқу-ағарту министрлігіне, @chevron «Шеврон» компаниясына, @caravan_of_knowledge «Caravan of Knowledge» қорына және @itecx.kz kz ITЕСХ-ті ұйымдастырған AZ GROUP халықаралық білім беру компаниясы алғысымыз шексіз. Ұйымдастыру жұмыстары мен еріктілердің еңбегі өте жоғары деңгейде болды. Ғылыми бағытта бақ сынауға мүмкіндік берген демеушілер мен ұйымдастырушыларға, еріктілерге атқарған ауқымды жұмыстары үшін мың алғыс!

Пайдалы ақпараттық ресурстар