23 Шілде 2024
Рухани-адамгершілік тәрбие іс-шаралары

12 сәуір- Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні

1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды.Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды.
1991 жылы 2 сәуір айында Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығынан өткен Тоқтар Әубәкіров сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа аттанды. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Т.Әубәкіров Кеңес Одағының батыры және Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» атақтарының иегері.
Екінші ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышқа үш рет ұшты. Ол 1994 жылы 1 шілдеде «Союз ТМ-19» экипажының борт инженері ретінде ғарыш сапарына аттанды. Оның әр жылдардағы ғарыштық экспедицияларының жалпы ұзақтығы бір жылға жуық уақытты құрады. Т.Мұсабаев 2001 жылғы ғарыш сапарында Америка Құрама Штатының миллионері, ғарышкер-турист Денис Титомен бірге ұшты.
2015 жылдың қыркүйек айында қазақ елінің үшінші азаматы Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты. Ол Қазақстан атынан халықаралық экипаж құрамында ғарышты бағындырған Тұңғыш ғаршкер ұшқыш. Осы Әлемдік даталы күнге арнап 12 сәуір- Халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне 12.04.2022ж. Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясында тарих пәнінің апталығы аясында тарих пәнінің мұғалімі Ұйқасбаев Дүйсебай Кездікбайұлы 9«в» сынып оқушыларымен «Токтар Аубакиров-первый казахский космонавт» атты сыныптан тыс сабағын өткізді. .Мақсаты:Тоқтар Əубəкіровтің ғарышты игеруде қосқан үлесі жайлы біледі. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Арманға жетудің бес қадамы сатысын жасайды. Тақырыпты көтерілетін мәселені болжайды, өз пікірін дәлелдейді.
Оқушылар сабақ барысында Тоқтар Әубакіровтың өмірбаянымен танысып, викториналық сұрақтарға жауап берді.Және де, үш топқа бөлініп топтық жұмыс жасады. І топ-Т.Әубәкіров,ІІ топ-Т.Мұсабаев, ІІІ топ- А.Айымбетов. Әр топ ғарышкерлердің еңбектерін талқылап,қорғап, бір-біріне баға беру әдістерін қолданды.

 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар