30 Шілде 2024
"Еңлік" қыздар ұйымы

«Еңлік» қыздар кеңесі

«Қыз – өріс, ұл-қоныс» деп білгендіктен қазақ өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген.
«Қызды қымтап ұстаған ұялмайды» дей отырып, оларды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруды парыз санайды. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «Қызға қырық үйден тыйым» жасайды. Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған.
Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер кіреді. Тарихқа көз жүгіртсек, Айман, Құртқа, Назым сияқты қыздарымыз, Домалақ ана, Айша Бибі сияқты аналарымыз нағыз қазақ әйелдерінің үлгісі болды. Аналарымыз «баланы жастан» деп, бала тәрбиесін құрсақтан бастаған. Ұлжан ана данышпан Абайды ғұсыл-дәретсіз емізбегені – адамзаттың баласын тәрбиелегені болып табылады.

Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Отбасы қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Ана тәрбиесін көрген қыз әрдайым көрегенділік танытады. Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балаларының анасы. Олардың бойында имани тәрбие болғанын қажет. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз.

«Еңлік» қыздар кеңесінің 2021-2022 оқу жылына жұмыс жоспары

Жұмыстың мазмұны Өтілу түрі Өткізу мерзімі Жауапты
1) Жаңа жетекші, жаңа құрам сайлау. 2)«Тазалық, тәртіп басты талап» атты жеке бас гигиенасы туралы  кеңес жұмысын жүргізу Жиналыс (пікір алмасу) Қазан айы Қыздар кеңесінің жетекшісі ДТЖО Медбике
1)«Бой түзеу, әуелі ой түзеу» 2)«Ерте жүктіліктің алдын алу» 3)«Ерте отбасы құрудың оңы мен солы» 4)«Жылы жүрек, жақсы тілек» Бейнеролик Дәрігермен кездесу Психологиялық тренинг Қараша айы Қыздар кеңесінің жетекшісі Медбике Педагог-психолог
1)«Қыздарға не жарасымды?» «Жақсы мінез жан азығың» «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыптары Сыныптар арасында жеке қыздар жиналысы Ақпан айы Сынып жетекшілері
1)«Жас өренге айтарым бар, құлақ салса» 2)«Артық болмас білгенің...» Әжелермен кездесу (іскерлік сабағы» Наурыз айы Қыздар кеңесінің жетекшісі ДТЖО «Әжелер» ұйымы
1)«Қызым саған айтамын...» 2)«Денсаулықты күту, жеке бас гигиенасы» 3)«Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» Бейнеролик Кеңес Сәуір айы Қыздар кеңесінің жетекшісі Медбике
Жылдық қорытынды бойынша диагностика жасау Қорытынды есеп Мамыр айы Қыздар кеңесінің жетекшісі

Педагог психолог: Рысбекова
Қыз тәрбиесі –  ұлт тәрбиесі


 «Қыз – өріс, ұл-қоныс» деп білгендіктен қазекем өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «Қызға қырық үйден тыйым» жасайды.
 Ата-ана қызынан ешнәрсені аямайды. Оның ешнәрседен мұқтажсыз, бұла өсуін қадағалайды. өйткені қызға бергенді қызыр өтейді деп біледі. Сонымен бірге қазекең қызды бетімен де жібермейді. «Қызды қымтап ұстаған ұялмайды» дей отырып, оларды қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай өсіруды парыз санайды.
 Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырған.
 Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер кіреді. Тарихқа көз жүгіртсек, Айман, Құртқа, Назым сияқты қыздарымыз, Домалақ ана, Айша Бибі сияқты аналарымыз нағыз қазақ әйелдерінің үлгісі болды. Аналарымыз «баланы жастан» деп, бала тәрбиесін құрсақтан бастаған. Ұлжан ана данышпан Абайды ғұсыл-дәретсіз емізбегені – адамзаттың баласын тәрбиелегені болып табылады.
 «Баламды молдаға оқытамын деп кәпір етіп алдым» дегендей, тәуелсіздік тұғырына қол жеткізгелі, кейбір жастарымыз «тәуелсіз» деген ұғымды түсінбей, ата-анадан тәуелсіз, ұстаздардан тәуелсіз болу деп түсініп жүр.                          
 Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы ретінде қолданылады.
 Отбасы қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам.
 «Анасын көріп қызын ал» дейтін халық мақалы текке айтылмаса керек. Ана тәрбиесін көрген қыз әрдайым көрегенділік танытады. Жаңа ғасыр, тек жаңалықты қабылдау керек деп, шетелге еліктеп немесе ғаламтор арқылы керексіз дүниелерді қабылдаудың қажеті жоқ. Заман ағымынан қалмай, орынды киініп, орынсыз нәрселерден аулақ болып, өзге тілде емес, өз тілінде сөйлеп, дәстүрді сыйлап, ибалығын сақтау қажет. Өзінің ана тілін қадірлемейтін қыздардан жақсы ана шығады деп айта алмаймын. Тілін қадірлемеген адам, ол ұлттың салтынан да, дәстүрінен де хабарсыз болары айқын. Қай қоғамда, қай заманда өмір сүрмесін, ол қазақ қызы деген атқа лайық болуы қажет.
 Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балаларының анасы. Олардың бойында имани тәрбие болғанын қажет. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз.

Шаралар атауы Өткізу мерзімі Жауаптылар
1 Мектепішілік жалпы қыздар жиналысын өткізу Тоқсанына 1 рет ДТЖО Қыздар кеңесінің жетекшісі
2 1 жиналыс А) Жаңа жетекші, жаңа құрам   сайлау. Б) «Жеке бас гигиенасы» атты кеңес жұмысын  жүргізу 2 жиналыс А)«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» қыздар ұйымымен жұмыс  5-11сынып     Кеңесте 3 жиналыс А) Ерте жүктіліктің алдын алу Б) «Қыз бала – болашақ ана». Кеңес В) 8-9 сынып қыздар комитетінің есебі 4 жиналыс А) Біз гимназия оқушысына лайықпыз ба? Б) «Қызға қырық үйден тыю» В) Қыздар комитетінің есебі. Қазан Қараша Ақпан Сәуір Қыздар кеңесінің жетекшісі ДТЖО Медбике Педагог-психолог Қыздар кеңесінің жетекшісі ДТЖО Қыздар кеңесінің жетекшісі ДТЖО Медбике Қыздар кеңесінің жетекшісі ДТЖО Қыздар ұйымының мүшелері
3 Әр сыныпта қыздар жиналысын өткізу Уақытында Сынып жетекшілер
4 1.«Мен өмірді сүйемін, басымды саған иемін» тренинг-жарыстар 2.«Қыз сыны» байқауы Сәуір Наурыз Педагог-психолог
5 Қорытынды жиналыс А) Жылдық қорытынды бойынша диагностика жасау Б) жыл жетістіктері, алға қойған міндеттер Мамыр Сынып жетекшілер Сыныптың қыздар кеңесі

Қыздар кеңесінің жетекшісі: Сейсенбаева Г.А.
9 сынып «Қыздар» кеңесінің жұмыс жоспары

Өткізілетін іс-шаралар Мерзімі Жауаптылар
1 9-сынып қыздарының жиналысы
1 жиналыс
А) Өткен оқу жылының өткізген жұмыстарға есеп беру, жаңа жетекші, жаңа құрам сайлау.
Ә) Мектеп формасы жайлы2 жиналыс
А) Қазіргі интернет, агенттің әсерінен сақтау жолдары. Пікіралмасу
Ә) Қыз балалардың мұғаліммен этикалық қарым-қатынас жағдайы.
Б) Сенімді дос, сырлас сыныптас. Әңгімелесу3 жиналыс
А) Мен және кумирім. Бейнежазба
Ә)Гимназияоқушысы қандай болуы керек? пікіралмасу4 жиналыс
А) «Қыздың көркі шашы» тақырыбында оқушы қыздарға арналған шаш сән үлгісі туралы пікіралмасу
Ә) «Арыңды жасыңнан сақта» баяндама
Тоқсанына 1-рет
І тоқсан
ІІ тоқсан
ІІІ тоқсан
ІV тоқсан
Сынып жетекшісі,
9-сынып қыздары
Сынып жетекшісі,
9-сынып қыздары
Сынып жетекшісі,
9-сынып қыздары
Сынып жетекшісі,
9-сынып қыздары
Сынып жетекшісі,
9-сынып қыздары
2 Қыздар арасында өтетін спорттық сайыстарға қатысу Кезінде 9-сынып қыздары
3 Қыз сыны байқауы Кезінде 9-сынып қыздары
4 Қорытынды жиналыс Жыл соңында Сынып жетекшісі,9-сынып қыздары

Орындаған 9-сынып жетекшісі: Берикова Р.Т.

Пайдалы ақпараттық ресурстар