Биылғы жыл балалар жылына орай балалардың рухани, мәдени байлығын дамыту мақсатында Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының 7,9-сынып оқушылары ата-аналар демеушілігімен Алматы қаласындағы Ұлттық мұражайға бір күндік саяхатқа барып қайтты.
Бұл мұражайда балалар тас ғасыры, қола дәуіріндегі адамдардың қол өнерінің даму сатысындағы құрал-саймандарды тағы да басқа заттарды көріп тәнті болды. Мұражай қызметкері әрқайсысына тоқталып, Қазақстан тарихына шолу жасап өтті. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігімен, көшпенділердің салт-дәстүрлерімен танысып қайтты.
https://beisekbaev.balqash.edugov.kz/tarbie-jyesi-beisekbaev/is-sharalar-beisekbaev/9779-bir-k-ndik-sayakhat-beisekbaev.html#sigFreeId7ebf868b92