23 Шілде 2024
Іс-шаралар

Сабақты зерттеу

Сабақты зерттеуде шығармашылық тобында бірлесе жұмыс жасай отырып жоспарлаған 8 «а» сыныбындағы өткен зерттеу сабағына талдау. Бұл сыныпта жүргізілетін зерттеу жұмысы барысында шығармашылық топ құрылды. Қазақ тілі пәні мұғалімі Н.Р, Орыс тілі пәні мұғалімі Қ.К , Қазақстан тарихы пәні мұғалімі Д.А. Қазан айында құрылған шығармашылық топ алдында проблеманы айқындау, сыныпты таңдау,деректер жинау,зерттеу сұрағын айқындау тұрды. 8 «а» сыныбын таңдап алғаннан соң Пит Дадлдың әдісімен жүргіземіз деп, бір тоқтамға келдік.Бұл жерде айта кететін жайт,сыныптағы А, В, С деңгейіндегі үш оқушымен қатар,әдістің тиімділігін сыныпта толығымен бақылау.Зерттеу сұрағы: «Сабақ барысында тиімді сұрақ қою әдісі оқушылардың оқу жетістіктерін жақсартуға қалай көмектеседі?» алынды.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар