21 Сәу 2026
Байқаулар мен жарыстар

“Заң мен тәртіп:қауіпсіз орта-заңды құрметтен басталады”

 “Заң мен тәртіп:қауіпсіз орта-заңды құрметтен басталады” тақырыбында аудандық форум аясында мектебіміздің «Прокурордың жас көмекшілері» 2026 жылдың 30 қаңтарында «Заң керуені» жобасын сәтті қорғады.Форум барысында қатысушылардың назарына жай ғана жоба емес, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін, әділдік пен жауапкершілікке негізделген терең мағыналы бастама ұсынылды.
«Түйе жүгін сыйласа, біз заңды сыйлаймыз. Өйткені заң – елдіктің арқауы» деген ұстаным жобаның өзегіне айналды.
 Керуен – тәртіп пен жүйенің символы.
Керуеннің әрбір бөлігі өз орнымен, өз міндетімен қозғалады. Сол секілді, заң да қоғам керуенін реттеп, әділдікке бастайтын негізгі бағыт екенін жобада айқын көрсетілді.
Түйе – төзімділік пен сенімнің белгісі.
Заң – мемлекеттің ауыр жүгін арқалаған қара нар іспеттес. Ол кез келген қиындыққа төтеп беріп, қоғамды тұрақтылыққа жетелейді. Ал жас прокурорлардың жобалары – ел болашағы үшін арқаланған жауапты міндет.Жобаның мазмұны қазақ халқының құқықтық мұрасы – «Жеті жарғы», Ұлы Жібек жолы керуендерінің тарихи рөлімен сабақтастырылып, керуеннің қозғалысы мен шахмат тақтасы арқылы стратегия, логика және жүйелілік ұғымдары терең ашылды.
Керуен – әділдік жолы, шахмат тақтасы – қоғам бейнесі ретінде ұсынылды.
«Заң керуені» жобасының кезеңдері:
Ертегілер әлемі
Виртуалды әлем
Нақты әлем
  Сонымен қатар форум аясында бастауыш сынып мұғалімі Н. Әпсат «Жол қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізіп, оқушылардың өмір қауіпсіздігіне қатысты маңызды ақпараттармен бөлісті.Аталған форумға білім бөлімінің тәрбие саласына жетекшілік ететін әдіскерлер мен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Пайдалы ақпараттық ресурстар