Сәуір айында білім беру ұйымында бракераж комиссиясы жоспарлы түрде асхана жұмысын тексеруден өткізді. Тексеру барысында тағамдардың сапасы, дайындалу технологиясы, сақтау шарттары және санитарлық талаптардың сақталуы бақылауға алынды.
Нәтижесінде, асхана жұмысы белгіленген талаптарға сай екені анықталды. Оқушыларға ұсынылатын тағамдардың сапасы қанағаттанарлық деңгейде.
Оқушылардың дұрыс және қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты бақылауда.

