31 Шілде 2024
Мектеп психологының жұмыс жоспары

2021-2022 оқу жылындағы психологиялық қызметінің жылдық жұмыс жоспары

Психологиялық қызметтің мақсаты-
Жаңартылған білім беру аясында дәстүрлі және қашықтықтан оқытуда ата-аналардың, педагогикалық ұжымның, білім алушылардың креативті, функционалды сауатты, шығармашыл, бәсекелестік сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыра отырып білім беру әлеуетін көтеру, психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік - психологиялық жағдай жасау және қолдау көрсету.
Міндеті:
1) Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
2) Білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуы жағдайында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
3) Білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
4) Психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
5) Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
6) Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;
7) Білім беру үдерісі қатысушыларының психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін көтеру.
Жанжалдық тұлға-аралық қатынастарды түзетуді жоспарлау.

ІҮ.Психологиялық кеңес беру бағыты     
 Мақсаты:Білім алушыларға, ата-аналар мен мұғалімдерге олардың сұранысы бойынша кеңес беру;

  • Кәсіптік  өзін –өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен кеңес жүргізу;
  •  Күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету; 
  • Тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру; 
  • Әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің жұмысына ықпал ету.

І. Психодиагностика бағыты
 Мақсаты: 

  • Білім алушылардың психикалық  дамуын анықтау мақсатында психологиялық диогностикалау;
  • Білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтену мақсатында кешенді психологиялық тексеру;
  • Білім алушылардың қабілеттілігі, қызығу-шылығы мен икемділігін психологиялық диогности-калау.
  • Психологилық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен     ұсыныстарды дайындау.

 ІІ.Түзету-дамытушылық бағыттар
Мақсаты: 

  • Жеке тұлғалық өсуге арналған тренингтер өткізу;
  • Білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, интелектуалдық эмоционалды-жігерлік,шығарма- шылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру;

VӘлеуметтік – диспетчерлік бағыттар 
Мақсаты: 
Психодиагностикалық бағыты

  • Білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін қашықтықтан диагностикалау
  • Білім алушылардан әдістемелерді интернет желісі арқылы алу
  • Психологиялық диагностиканы жүргізудің тиімді жолы-google формасы арқылы қорытынды дайындау

Түзету-дамытушылық бағыттар:

  • Тұлғадағы психикалық және тұлғалық дамудағы артта қалушылықты түзету, тәртіптік бұзылыстарды ,       ауытқуларды түзету;
  • Психологиялық ойындар,жаттығулар жүргізу
  • Бейнематериалдарды тарату
  • Жеке және топтық жұмыстар

Ағартушылық-профилактикалық бағыттар:

  • Білім алушылардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес,зейін,ерік,ойлау,сөйлеу,қабылдау);
  • Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтап,ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныс беру
  • Педагтерді аттестаттауды әлеуметтік –психологиялық қолдау
  • Педагогтарға педагоггикалық-психологиялық ұсыныстар беру

Кеңес беру бағыты:

  • Жеке тұлғаға туындаған мәселесін шеше алатындай ұсыныс беру,ынталандыру,психологиялық жоғарылату;
  • Чаттарға ұсынымдар әзірлеп , жіберу
  • Кеңес беру бейнематериалдарын дайындау
  • Сұраныстар бойынша кеңестер беру
  • Психологиялық кеңес беру жұмыстары уатсап желісі, сенім телефонының орнына педагог-психологтың ұялы телефонында жүзеге асырылады және жеке оффлайн психологиялық кеңес беру

ОКУШЫЛАРМЕН  ЖУМЫС

Бағыттар Жұмыстың мазмұны Мақсаты Әдістемелер  атауы Сынып Мерзімі Түпкі нәтиже
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ БАҒЫТ 1 сынып оқушыларының мектепке және жаңа мазмұнды білім беру жағдайындағы  психологиялық  дайындығы Оқушылардың мектепке психологиялық  дайындығын анықтау Керн-Йерасик тесті 1 сынып қыркүйек хаттама
Баланың ерік саласындағы даму деңгейн анықтау «Графикалық диктант» әдістемесі, Д.Б.Эльконин 1 сынып Қазан Хаттама
Ес процесін анықтау «Сөздер жұбы» 1 сынып Қазан Хаттама
Зейінін анықтау «Моншақ» , «Үйшік»әдістемесі. 1 сынып Қазан Хаттама
Отбасында қалыптасқан қарым-қатынас ерекшеліктерін аңықтау «Отбасы сүреті»   әдістемесі 1 сынып Қараша Хаттама
5 сынып оқушыларын орта буынға бейімделуге психологиялық дайындығы Оқу үдерісіне бейімделуін анықтау Сауалнама 5 сынып Қыркүйек Хаттама
Тұлғаның психологиялық күйін анықтау Г.Айзенк сауалнамасы 5 сынып Қыркүйек Хаттама
Оқу мотивациясын анықтау 1.«Бақбақ гүлі» әдістемесі 2.«Өзін-өзі бағалау»     сауалнама 5 сынып Қазан Хаттама
Мазасыздану деңгейін анықтау Филлипстің мектептегі мазасыздану тесті 5 сынып Қазан Хаттама
Оқушының зейінін,қабылдауын, ойлауын анықтау Равен әдісі 5 сынып Қараша Хаттама
Тұлғалық ерешеліктерін зерттеу Баланың жүйке жүйесінің тұлғалық қасиеттерін анықтау Сауалнама 5-11 сынып Қыркүйек Хаттама
Оқушылардың бойында өзін-өзі тану мотивациясын құру; өзін-өзі тану, рефлексияны дамытуға ықпал ету. Өзін-өзі бағалау анықтау Әдістеме, тест 5-11 сынып Қараша Хаттама
Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы Сыныптастардың өзара қарым-қатынасын анықтау Социлметрия әдістемесі Дж.Морено 4-11 сынып Қараша Хаттама
Кәсіби бағыт бағдар беру Тұлғаның әлеуметтік бағытын анықтау және кәсіби типін бағалау. 1.«Тұлға типтерін анықтау»     Дж. Голланд сауалнамасы 2.Е.А.Климов «Дифференциалды –диагностикалық сауалнамасы  3.Танымдық қызығушылықтың диагностикасы» А.Е. Голомшток 9-11 сынып Қараша Хаттама
Таным процестері (зейін, логикалық ойлау Баланың таным процестерін анықтау Әдістеме 1-4 сынып Желтоқсан Хаттама
Жасөспірімдердің эмоционалдық еріктік аймағы Эмоционалды еріктікті анықтау Басса –Дарки тесті 8-11 сынып Желтоқсан Хаттама
1 сынып оқушыларының мектепке және жаңа мазмұнды білім беру жағдайындағы  психологиялық дайындығы Мектепке қарым-қатынасын анықтау Мектеп суреті   Қаңтар хаттама
Оқушылардың бейімделуін анықтау «Менің сыныбым» А.А.Лесова әдістемесі   Ақпан Хаттама
Қоршаған орта жайлы бағдар деңгейін жеткілікті білімін, оқуға деген құштарлығымен мектеп жайлыжағымды көзқарасын қалыптасу деңгейін анықтау Қоршаған ортаны бағдарлау және мектеп жайлы білімін тексеру   Наурыз Хаттама
9 сыныпты мемлекеттік емтиханға психологиялық дайындық зерттеуі Оқушылардың ойларын білу «Сіз қандай мамандыққа лайықсыз?»     психологиялық тест   Ақпан Хаттама
Оқушылардың мамандық таңдауға дайындық деңгейін анықтау Мамандық таңдау салаунамасы   Наурыз Хаттама
Мамандық таңдаудау туралы түсінік беру «Мамандық таңдау өмірдің табыс кілті» бейнеролик   Сәуір Хаттама
Қорытынды аттестацияға психологиялық қобалжуын анықтау Жеке тұлғаның жалпы қобалжуын анықтау «Отбасылық қобалжу» әдістемесі   Сәуір Хаттама
Сәтсіз отбасы балаларын диагностикалау Ата-аналардың мектеппен байланысын нығайта отырып, ата-анадан бала тәрбиесіне қатысты мәселелерді білу «Ата-ата бақытты бала» бейнеролик   Мамыр Хаттама
АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС
Ата-аналармен психодиагностикалық жұмыс Бастауыш сынып ата-аналарға арналған сауалнама «Балаларыңызға деген көңіл бөлу бағытыңыз дұрыс па екен?» 1-4 сынып Қыркүйек Хаттама
Ата-аналармен оқушылардың қарым-қатынасын анықтау Ата - ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл - күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу; ата - ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. «Ата-аналарымен баланың қарым-қатынасы» сауалнама 1-11 сынып Қазан Хаттама
Ата-аналармен оқушылардың қарым-қатынасын анықтау Ата-анасының баласына деген қарым-қатынасын анықтау «Ата-ана болам десеңіз»   Сауалнама 9-11 сынып. Ақпан Хаттама
           
    ПЕДАГОГТАРМЕН ЖҰМЫС
Педагогтың эмоционалды-еріктік аймақты  диагностикалау Педагогтардың психикалық денсаулығының  эмоциялық күштенуді анықтау Люшер тесті   Қазан Хаттама
Түзету-дамыту бағыты
1-сынып оқушылармен түзету-дамыту жұмысын жүргізу 1 сыныптың бейімделуге қиналған оқушыларға психологиялық қолдау көрсету «Не жетпейді?» әдістемесі   Қыркүйек Анықтама
5- сыныптың бейімделуге қиналған оқушыларға психологиялық қолдау көрсету Оқушының логикалық ойлау деңгейін бағалау Есті дамытуға арналған жаттығулармен тапсырмалар   Қазан Анықтама
Пән мұғалімдерінің түзету –дамыту жұмыстары Адамның бет әлпеті арқылы оның ойын, сезімін айыра білуге үйрету. Сезімнің сыртқы көріністерін көрсете білу. Топта эмоциялық жайлылық қалыптастыру. «Жұмысқа қабілітілігін қалыптастыруға арналған жаттығулар   Қыркүйек Анықтама
Ата-аналармен тузету дамыту жұмыстары Ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. «Отбасы махаббаты неде?» тренинг жаттығу   Қазан Анықтама
Ағартушылық –профилактикалық психологиялық бағыт 5-7  сынып оқушыларына Ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктері Қарым қатынасты құруға үйренемізӘңгімелесу, шағын лекция   Қыркүйек Анықтама
Қорытынды аттестаттауға және емтиханға дайындық бойынша психологиялық алдын алу мен ағарту Балаларда өзіне сенімдіілік және сенім сезімін қалыптастыруға бағытталған жаттығулар -«ҰБТ дегеніміз не және оның мен үшін маңыздылығы қандай?»-«Емтихан кезінде стресстен қалай арыламыз?»-«Жүйке жүйесіне түсетін күштен психологиялық арылу әдісі»-«Емтихандағы өз-өзіне сенімділік» 9-11 сынып    
8 -11 cынып Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін,басты байлық екенін ұғындыру Психологиялық денсаулық дегеніміз не?Ақпараттық сағат   Қазан Анықтама
1-11 cынып Оқушыларға ғаламтордағы зияны туралы, денсаулыққа әсері туралы түсінік беру Қауіпсіз интернет , Интернет ресурстары қолдану мәдениетіШағын дәрістер   Қазан Анықтама
0-1 сынып (ата-аналарға) Оқушылардың ұсақ моторикасын дамыту жаттығулары Бейнеролик   Желтоқсан Анықтама
7-8 сынып Өзін-өзі тану ,тұлғалық даму тәсілдерін таба білу,көніл-күйді және эмоцияны реттеу; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету. «Мен өмірді таңдаймын» (бейнеролик)ZOOM арқылы тренинг өткізу   Ақпан Анықтама
9-11 сынып Оқушыларға адамның алға қойған мақсаты мен оған жету жолыңдағы ізденістерін саралап , нәтижелі іс жасау керектігіне назар аударту Мақсатқа қалай жетеміз. (бейнеролик)   Қараша Анықтама
5-11 cынып Стреске қарсы тұруы, сенімді мінез-құлық дағдысын арттыру, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру «Стресті  қалай  жеңуге болады?» мини лекция   Желтоқсан Анықтама
1-4 сынып Қазіргі кездегі баланың дамуына  жеке тұлға болып  қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып  қарым қатынас орнату және  ұлттық сананы бойына сіңіру Баламен қарым –қатынас     құру құпиясы. Қайтсек жақсы ата-ана атанамыз   (Ата-анамен жұмыс)   ҚыркүйекҚараша Анықтама
1-11 сынып Салауатты өмір сүре білуге,  адамзат өміріне қауіп төңдіріп отырған қатерлі дерттен сақ болуға , одан қорғана білу туралы түсінік беру Оқушылардың психологиялық        денсаулығы Вебинар  ата –ана , мұғалімдер   Казан Желтоқсан Анықтама
Кеңес беру бағыты
«Қолды қалай дұрыс жуу керек?» Оқушыларға гигиенаны дұрыс ұстануға байланысты кеңестер беру Бейнеролик     (1-11с)   Қыркүйек  
Қашықтықтан білім алуға дайынбыз ба? Оқушыларға қашықтықтан білім алуға психологиялық кеңес беру Бейнеролик     (1-11с)   Қыркүйек  
Қашықтықтан оқуға мағлұматтар Оқушыларға қашықтықтан оқытуға пайдалы кеңестер Бейнеролик     (1-11с)   Қыркүйек  
Әліпбиді баламызбен үйренеміз Ата-аналарға үй жағдайында балаларына көмек беру кеңестері Бейнеролик  1 сынып   Қыркүйек  
Сынып жетекшілері және ата-аналар сұранысы бойынша жекеленген кеңестер өткізу. Кеңес беру, қолдау көрсету. Бейнеролик   Үнемі  
Ата-аналарға «Балаға қашықтықта оқытуға  бейімделуге қалай көмектесу керек» атты жадынама мен ұсыныстар дайындау. Кеңес беру,қолдау көрсету. Бейнеролик     (1-11с)   Қазан  
Тыныс алу жолдары арқылы жаттығулар жасау Кеңес беру,қолдау көрсету. Бейнеролик   Қазан  
«Үрейге тоқта деңіз!» тақырыбында психологиялық кеңестер Ата – аналарға үрейдің алдын алуға көмек көрсету Бейнеролик   Қазан  
9-11 сынып түлектерінің ата-аналарына арналған емтихан алдындағы психологиялық көңіл күй мәселесі бойынша жадынама мен кеңестер дайындау. Кеңес беру,қолдау көрсету. Бейнеролик   Қазан - желтоқсан  
ҰБТ және қорытынды аттестаттауға  дайындық кезеніңде психологиялық көмек және қолдау көрсету Кеңес беру,қолдау көрсету. Бейнеролик   Үнемі  
Мектеп оқушыларының ата-аналарына психологиялық кеңес. Кеңес беру,қолдау көрсету Бейнеролик   Үнемі  
«Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсауды болдырмау» мақсатында жеке дара кеңестер ұйымдастыру Оқушылардың санасына адам өмірі қаншалықты қымбат екенін және әр адам оз өміріне жауапты екенін қалыптастыру,кеңес беру Бейнеролик   Қазан - қараша  
Өзін – өзі бағалау мен тәрбиелеу дағдыларының қалыптасуы Оқушылардың өзін – өзі бағалау деңгейлерін көтеруге қолдау көрсету Бейнеролик   Қазан  
Кибербуллинг дегеніміз не? Оқушыларға кибербуллинг туралы түсінік беру Бейнеролик   Үнемі  
Педагогтардың эмоционалды көңіл-күйі Қашықтықтан оқытуда педагогтардың эмоционалды көңіл-күйін қалыптастыру Бейнеролик   Қараша  
Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық. Буллинг туралы қысқаша мағлұмат Оқушыларға зорлық – зомбылықтың алдын-алу бойынша кеңестер Бейнеролик   Үнемі  
Тыныстауды басқаруға байланысты әдістер Кеңес беру,қолдау көрсету Бейнеролик   Желтоқсан  
Ата – аналарға психологиялық 10 кеңес Ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайтуға арналған кеңестер беру Бейнеролик   Желтоқсан  
Ақпаратты қабылдау арналары Оқушыларға ақпаратты қабылдау жөнінде түсініктеме беру Бейнеролик   Желтоқсан  
Ата – аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес Ата – аналарға кеңес беру, қолдау көрсету Бейнеролик   Желтоқсан  
«Біз бақытты баламыз!» Оқушыларға көңіл – күйлерін басқаруға кеңес беру Бейнеролик   Желтоқсан  
  Ата-аналарға балаларын жайландыруға арналған психологиялық кеңестер беру Бейнеролик   Желтоқсан

 Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс

Негізгі бағыты Жұмыс мазмұны Негізгі мақсаты Сынып Зерттеу әдістемесі Мерзімі Жауапты Нәтиже
Психодиагностика Дарынды балалармен жұмыс Таным процестерін анықтау 5-11 сынып Сауалнама Қыркүйек, қазан Психолог Хаттама
Дарынды оқушылармен жұмыс Оқушыларлың бағытын анықтау 5-11 сынып Клэр Гордон тесті Қараша, желтоқсан Психолог Хаттама
Дарынды балалармен жұмыс Жеткіншектердің интеллектуалды даму деңгейін анықтау 5-11 сынып Штур тесті Наурыз, сәуір, мамыр Психолог Хаттама
Психологиялық ағарту, алдын-алу Дарынды балалармен жұмыс Оқушылардың табысқа жетуіндегі қажеттілігін анықтау 5-11 сынып Шағын дәріс Ақпан Психолог Анықтама
Түзету-дамыту Дарынды балалармен жұмыс «Креативтілік пен шығармашылық қабілеттерді дамыту»   Тренинг Қаңтар Психолог Анықтама
Психологиялық кеңес Сұраныс бойынша психологиялық кеңес беру Мәселе туындаған жағдайда психологиялық кеңес беру 5-11 сынып Психологиялық кеңес Жыл бойы Психолог  

Мемлекеттік емтиханға дайындық кезінде жүргізілетін жұмыста

Негізгі бағыты Жұмыс мазмұны Негізгі мақсаты Сынып Зерттеу әдістемесі Мерзімі Жауапты Нәтиже
Психодиагностика 11 сынып оқушыларына психологиялық көмек беру Оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау 11 сынып Тест Қыркүйек Психолог Хаттама
Жеке тұлғалық типтік ерекшеліктерін анықтау Жеке тұлғалық типтерін анықтау 11 сынып Айзенк сауалнамасы Қазан Психолог Хаттама
11 сынып оқушыларына психологиялық көмек көрсету Оқушылардың стреске төзімділігін анықтау 11 сынып Э.Ховард тесті Қараша Психолог Хаттама
Психологиялық түзету дамыту «Өз күштеріңе сен!» Оқушылардың өзі-өзін бағалауды күшейту 11 сынып Тренинг Желтоқсан Психолог Анықтама
«Бойындағы қорқынышты төмендету» Оқушы бойындағы қорқынышты төмендету 11 сынып Тренинг Қаңтар Психолог Анықтама
Психологиялық алдын алу, ағарту Мен және менің ортам. Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға қалыптастыру. 11 сыпын Тренинг Ақпан Психолог Анықтама
«Бізді ҰБТ күтіп тұр» Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын ескере отырып, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға, адал болуға психологиялық көмек көрсету 11 сынып Тренинг Наурыз Психолог Анықтама
«Өмір тамаша» Оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру 11 сынып Тренинг Сәуір Психолог Анықтама
Үміт, сенім, арман бізді алға жетелейді Білім алушыларға психологиялық дайындық жасау 11 сынып Тренинг Мамыр Психолог Анықтама
Психологиялық ағартушылық Ата-аналармен жұмыс «Балаңыз үлкен сынаққа даярма?» 11 сынып Дәріс Наурыз, сәуір Психолог Анықтама
Психологиялық кеңес 11 сынып оқушыларына Білім алушыларға ҰБТ-те өзін қалай ұстау немесе қалай тамақтану жөнінде жаднама тарату 11 сынып Психологиялық кеңес Жыл бойы Психолог  
11 сынып оқушыларына Білім алушыларға тест алдында өзіне сенімді болу, өзін өзі ұстау туралы кеңестер жүргізу 11 сынып Психологиялық кеңес Жыл бойы Психолог  
Пайдалы ақпараттық ресурстар