Қаңтар айының 18.01.2022-29.01.2022 аралығында «Жаңаша оқыту – жетістік көзі» тақырыбында онкүндік болып өтті. Онкүндік мақсаты: Оқушыларды жаңаша оқыту арқылы білімдерін тереңдету және дамыту. Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып мектеп-имназия директоры Алимбаева Ж.Д бекітті.
№ | Сабақтың тақырыбы | Пәні | Сыныбы | Мерзімі | Уақыты | Өтілу орны | Мұғалімнің аты жөні |
1 | Атау септік | Қаза тілі | 4 «Б» | 27.01.22 | 15-45 | ZOOM | Тажикулова Б.М. |
2 | Ғарыш әлемі | жаратылыстану | 1 «Ә» | 01.02.22 | 10-00 | ZOOM | Нұрланбекова Ж.Ж. |
3 | Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.Бәрінен де жақсы |
Ана тілі | 1 «Б» | 28.01.22 | 09-20 | 17 | Диханбаева Ж.Н |
4 | Кірқоймас | Әдебиеттік оқу | 2 «А» | 28.01.22 | 14-50 | 6 | Сексенбаева Г.К |
5 | Күй құдіреті | Әдебиеттік оқу | 3 «Б» | 28.01.22 | 15-45 | 16 | Буркитбаева Г.Ж |
6 | Есептер шығару | Математика | 1 «А» | 31.01.22 | 10-15 | 6 | Қоңырбаева А.С |
7 | Атау септік | Қаза тілі | 4 «А» | 27.01.22 | 14-45 | 5 | Шектібаева Ғ.Б |
8 | Искусство рядом с нами. Винительный падеж | Орыс тілі | 3 «В» | 03.02.22 | 09-20 | 4 | Ирсаева Г.Ш |
9 | Н.Некрасов “Дедушка Мороз и зайцы” | Литература | 4 «В» | 01.02.22 | 14-50 | 12 | Радионова А.Г |
Сыныптан тыс жұмыстар
№ | Сабақтың тақырыбы | Сыныбы | Мерзімі | Уақыты | Өтілу орны | Мұғалімнің аты жөні |
1 | Білгенге маржан | 1 а, ә, б сыныптар | 02.02.22 | 11:00 | 17 | Қоңырбаева А.С Нұрланбекова Ж.Н Диқанбаева Ж.Н |
2 | Интеллектуалдық марафон | 4 Б сынып | 01.02.22 | 15:00 | ZOOM | Тажикулова Б.М |
3 | 1001 мақал – 101 жұмбақ | 2 А сынып | 02.02.22 | 15:00 | 6 | Сексенбаева Г.К |
4 | «Поэзия» жәрмеңкесі «Мұқағали Мақатаев – біздің мақтанышымыз!» |
Бастауыш сыныптар | 03.02.22 | 12:00 | АКТ зал | Сынып жетекшілер |
5 | Білгіштер бекеті | 4 А сынып | 04.02.22 | 15:00 | 5 | Шектібаева Ғ.Б |
6 | Жас математиктер | 3 А, Б сынып | 03.02.22 | 16:00 | 16 | Сүменов Н.Ә Буркитбаева Г.Ж |
https://beisekbaev.balqash.edugov.kz/janalyktar-beisekbaev/10463-bastauysh-synyp-p-n-birlestigini-zha-asha-o-ytu-zhetistik-k-zi-ta-yrybynda-tken-onk-ndik-orytyndysy.html#sigFreeIdbc86385c7f
Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай жоғары деңгейде құрылған. Сабақта жаңа ақпараттық технология негізінде әдіс-тәсілдер қолданылды. «Шеринг» әдісі арқылы интербелсенді тақтадан анемациялық үзіндісімен жаңа сабақтың тақырыбын болжап талқылатты және ойларын ортаға салды.Ашық сабақ барысында АКТ пайдаланылды. Сабақта күнделікті өмірмен байланысқа, сөз мәнеріне, сөйлеу дағдыларына тәрбиелік кезеңдеріне көп көңіл бөлінді. Алған білімдерін тұрақтандыру үшін лайықты тапсырмаларды оңтайлы бере алады. Сабақты Wordwall онлайн қосымшасын пайдалану арқылы қорытындылады. Сабақта дескриптор нәтижесінде қалыптастырушы бағалау жүргізіліп отырды.
Ұсыныс: Деңгейлік тапсырмалар беру. Қалыптастырушы бағалауды үнемі қолдана алу. Сабақты «Мәңгілік ел» құндылықтары көрініс таба білсе .
Осы күні 4 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Атау септік» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сынып жетекшісі: Шектібаева Ғ.Б.
Сабақ сәлемдесумен, психалогиялық дайындықпен басталып, оқушылардың өткен білімдерін тексере отырып, жаңа сабақпен байланыстыра сабақтың тақырыбын ашты. Сабақта оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді өзінің шеберлігінде көрсете отырып, қолдана білді. Оқушылар берілген тапсырмаларды рет-ретімен орындай отырып, тапсырмаларды толығымен қамтып, өз білімдерін көрсете білді. Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты. Мұғалім сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістеріне сүйене отырып жүргізді. Сабақ кезінде ойын элементтері орынды қолданылды.
Ұсыныс: Сабақты әр кезеңде кері байланыс беруді ұмытпау. Сабақты әр кезеңде кері байланыс беруді ұмытпау. Сабақ жабдықтары, сабақтың әр кезеңінде көрнекі құралдарды тиімді қолдану
28 қаңтар 2 А сыныбында Г.Сексенбаева әдебиеттік оқу пәнінен «Кірқоймас» тақырыбында сабағын өткізді. Сабақты психологиялық ахуалдан бастап оқушыларды жақсы көңіл күйге бағыттай білді. Оқушылар өте тәртіпті, ынталы қатысты және топпен жұмыс жасай білді. Мұғалім оқушылармен тығыз байланыста екенін, сонымен бірге мұғалімнің шеберлігі жоғары екенін көрсете білді.Оқушылар берілген тапсырмаларды рет-ретімен орындай отырып, тапсырмаларды толығымен қамтып, өз білімдерін көрсете білді. Сабақтың тапсырмалары жас ерекшеліктеріне сай құрастырылып берілді.
Сабақ мақсатына жету барысында «Тазалақ құралдарын» пайдаланды.
Ұсыныс: Ашық сұрақтар қойса. Қалыптастырушы бағалауды үнемі қолдана алу.Сабақта рефлексия кезінде оқушылардың ойын тыңдау
28.01.22 жылы 3 «Б» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Күй құдіреті» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сынып жетекшісі: Бүркітбаева Г.
https://beisekbaev.balqash.edugov.kz/janalyktar-beisekbaev/10463-bastauysh-synyp-p-n-birlestigini-zha-asha-o-ytu-zhetistik-k-zi-ta-yrybynda-tken-onk-ndik-orytyndysy.html#sigFreeId580f14ec25
Бүркітбаева Гүлназ – өз пәнінен теориялық білімі жан-жақты,материалды терең ауқымды меңгерген маман. Сабақ құрылымының әдіс-тәсілдерін оқушылардың оқуға деген ынтасын, қызығушылығын арттыра отырып, оқушы мен мұғалім арасында жағымды атмосфера орната білді. Атап айтатын болсақ «Түртіп алу» әдісі, «Венн диаграммасы» әдісі. Оқушыларға әр түрлі тәсілмен топтық, жұптық жұмыстар жүргізді. Бейнематериал, көрнекіліктер арқылы күйдің құдіретін меңгертті. «Күн шуағы» әдісі арқылы сабақты қорытындылап, күннің ортасына бүгінгі тақырыпты жаздырды.Шуақтарына сабақтан алған қажеттеі ақпараттарды жаздырды және оқытып, бүгінгі сабақтан әсерлерімен бөлісті.
Ұсыныс: Жеке оқушылардың және сыныптың белсенділігі арттырып, сонымен қатар ашық сұрақтар қойса. Әр тапсырмадан кейін алыптастырушы бағалауды үнемі қолдана алу қажет 28 қаңтар күні 1 «Б» сыныбында ана тілі пәнінен «Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.Бәрінен де жақсы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сынып жетекшісі: Диханбаева Ж.Н..
Сабақтың мақсаты: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды қайталау. Балалардың тілдік, сөздік корына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту (буын, сөз құрау, жұмбақ шешу т.б.) Кеспе әріп, әріп таңбасы, текшелер, суреттер, слайдтарды көрнекілік ретінде пайдаланды. Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын әдіс-тәсілдерін қолданды. Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты. Мұғалімнің сабаққа дайындаған көрнекі құралдары эстетикалық талғамға сай болды. Мұғалім сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістеріне сүйене отырып жүргізді. Сабақ кезінде ойын элементтері орынды қолданылды.
Ұсыныс: Оқушыларды алдын-ала дайындамау.Оқу түрлерін қолдану. Қалыптастырушы бағалауды үнемі қолдана алу . Сабақты әр кезеңде кері байланыс беруді уйрету
31 қаңтар күні 1 «А» сыныбы жетекшісі А.С.Қоңырбаева «Есептер шығару» тақырыбында математика пәнінен ашық сабақ берді. Сабақтың құрылымы бір сарынды емес, әр түрлі тапсырмалар, әдіс-тәсілдер қолдану арқылы оқушылармен жұмыс жасады. «Ойлан, жұптас» стратегиясы кезінде деңгейлік тапсырмалар қолданды. Мұғалім оқушылармен тығыз қарым –қатынаста жұмыс жасай отырып, оқушыларды ынталандыра, өзінің педагогикалық шеберлігі жоғары деңгейде екендігін көрсете білді. Оқушылар сабақ соңында рефлекция жасады.
Ұсыныс: Әдістерін дұрыс таңдай білу. Жеке оқушылардың белсенділігін арттыру. Тапсырамалар беруде түсіндірме жұмысын жүргізу. Сабақта АКТ пайдалану
1 ақпанда 4 «В» сыныбында «Н.Некрасов «Дедушка Мороз и зайцы» тақырыбында ашық сабақ болды. Сынып жетекшісі: Радионова А.Г.
Сабақ дамытушылық бағытқа құрылған. Оқушылар берілген тапсырмаларды рет-ретімен орындай отырып, тапсырмаларды толығымен қамтып, өз білімдерін көрсете білді. Сабақ барысында ұжымдық жұмыстар жүргізілді. Мұғалім оқушыларды сабаққа қызықтыра білді және бағалауды оқушылар құрылған критериялар арқылы өздері бағалады және стикерлер арқылы кері байланыс жасады. Бұл жерде мұғалімнің негізгі жұмысы – сабақ мақсатына сай керекті сапалы тапсырма ұсынған. Сабақ «жақсы» деңгейде бағаланды.Сабақта жаңа ақпараттық технология құралдарын көрнекті құрал ретінде қолданылды.
Ұсыныстар: Әдістерін дұрыс таңдай білу.Оқушының өз ойын ашық айтуға төселдіру. Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін жиі қолдану. Сабақты әр кезеңде кері байланыс беруді уйрету.
1 ақпан күні 1 «Ә» сынып жетекшісі Ж.Ж.Нұрланбекова жаратылыстану пәнінен «Ғарыш әлемі»тақырыбында ашық сабақ өтті. Мотивациялық қозғаушы ретінде бүгінгі күнге тілек айтты. «Серпілген сауал»әдісі ойыны арқылы өткентақырыпты пысықтай отырып, жаңа тақырыппен таныстырды.Оқу қызметі барысында ұжымдық жұмыс жасатып, тапсырма орындау барысында бағалап отырды. Білім алушылар сабаққа белсене қатысып,берілген тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындады.Бұл жерде мұғалімнің негізгі жұмысы – сабақ мақсатына сай керекті сапалы тапсырма ұсынған. Сабақ «жақсы» деңгейде бағаланды.
Ұсыныс: Оқушылар белседілігін арттыру.Тапсырамалар беруді көбірек қолдану керек. АКТ тиімді пайдалану
3 ақпан 3 «В» сыныбында орыс тілі пәнінен «Искусство рядом с нами.
Винительный падеж» тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақ ZOOM арқылы өткізілді.Сынып жетекшісі: Ирсаева Г.Ш
Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай жоғары деңгейде құрылған..Сабақта күнделікті өмірмен байланысқа ,сөз мәнеріне , сөйлеу дағдыларына тәрбиелік кезеңдеріне көп көңіл бөлінді. Алған білімдерін тұрақтандыру үшін лайықты тапсырмаларды оңтайлы бере алады.
Ұсыныс: Әдістерін дұрыс таңдау. Қалыптастырушы бағалауды үнемі қолдана алу.АКТ тиімді пайдалана білу
3 ақпан күні 3а-3б сынып оқушылары білім деңгейін ортаға салып, шын мықтыны анықтау мақсатында үш кезеңнен тұратын «Жас математиктер» атты ақыл-ой сайысы өтті. Бұл сайыста жеке қатысушы ретінде балалар бақ сынады. Мұндай іс-шаралар балалардың білімін тереңдетуге, іскерлік дағдысын дамытуға қабілеті мен қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызады. «Жас математиктер» атты сайыс қорытындысы шығарылып, оқушылар марапатталды.
2 ақпан күні «Білгенге маржан»танымдық кеш өтті. Кешті 1а-1ә-1б сынып оқушылар арасында ұйымдастырылды. Танымдық кешкете оқушылырға ата-бабамыздан қалған асыл сөздер, тәрбиелі нақыл сөздер туралы бейнежазбалар көрсете отырып, қызықты мәләметтермен таныстырды. Кеш тәрбиеге толы әңгімелер мен сұхбаттан тұрды.
4 ақпан «Білгіштер бекеті» блиц-турнир сайысы өте жоғары деңгейде өтті. 4а сынып оқушылары қатысты. Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, ойынға белсене қатысты. Мұнда оқушыларға математика бойынша түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Балалар бар қызығушылығымен, ынталығымен қатысып, сұрақтарға жауап берді.Сайыс сұрақтары жас ерекшеліктеріне сай болды.
Оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыру, рухани байлыққа тәрбиелеу мақсатында Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91жылдығына арналған«Мұқағали Мақатаев – біздің мақтанышымыз!»атты «Поэзия» жәрмеңкесін өткізді. Поэзия – әдебиеттің өлең түріндегі үлгісі екенін оқушылар жақсы біледі. Әр сыныптың талапты, талантты балалар қатысқан жәрмеңкеде оқушылар өз шеберліктері мен ізденістерін көрсетті.
Бұл сайысқа 1-4 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға белсене қатысқан оқушылар да іріктеліп, марапатталды.
№ | Оқушы аты-жөні | Сыныбы | Өлең тақырыбы | Марапат |
1 | Мұқанғали Адиля | 1 «Б» | "Қазақстан" | II орын |
2 | Нәдірқызы Айсана | 1 «Б» | "Отан" | I орын |
3 | Айнұрқызы Жанерке | 3 «Б» | "Апырмай, туған жер-ай" | II орын |
4 | Амангелді Еркежан | 3 «Б» | "Елім барда" | I орын |
5 | Қайроллақызы Кәусар | 4 «А» | "Үш бақытым" | II орын |
6 | Тілектесұлы Айсұлтан | 4 «А» | "Таудай болғым келеді ", | I орын |
7 | Досанқызы Медина | 4 «А» | "Шеше,сен бақыттысың". | I орын |
8 | Жарылқасын Амир | 1 «А» | "Дос болам десең" | I орын |
9 | Нұртай Медина | 1 «А» | "Елім барда" | I орын |
10 | Саматқызы Сабина | 2«А» | "Фариза қыз" | II орын |
11 | Жаңбырбай Әмина | 2«А» | "Мен таулықпын! " | II орын |
12 | Серік Жанайым | 2«А» | "Отан" | I орын |
Бұл апталықта бастауыш сынып мұғалімдері әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдана білді, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттырды, өз шығармашылықтарын шыңдап, педаглогикалық шеберліктерін көрсете білді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті және білімдерін шыңдады. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп ойлаймын.
Бірлестік жетекшісі: Тажикулова Б.М.