30 Шілде 2024
Инклюзивті білім беру

2021-2022 оқу жылына арнаған арнайы педагогтың ата-анамен жүргізетін жылдық жұмыс жоспары

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты:

  • Ата-аналарды ақпараттандыру және оқыту үдерісіне тарту.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың міндеті:

  • Оқыту үдерісінде кездесетін қиындықтардың себептері мен шешу жолдары бойынша кеңес беру;

 Ата-аналарды балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарына белсенді араластыру;

  • Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ақпараттандыру.
Жүргізілетін жұмыстар Мерзімі Жұмыс мазмұны
1 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарымен әңгіме жүргізу. Бала туралы мағлұмат жинақтау Қыркүйек 1б- формасы, 2-форма   Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: әдіс.нұсқаулық/ Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. - Алматы: ТП ҰҒПО, 2019. – 92 б.
3 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарына сауалнама жүргізу. Сауалнама нәтижесін қорытындылау Қыркүйек Сауалнама  1а- форма   Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: әдіс.нұсқаулық/ Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. - Алматы: ТП ҰҒПО, 2019. – 92 б.
4 Ата-аналарға кеңес беру Сұраныс бойынша Ата-аналарға кеңес беру журналына тіркеу
5 «Арнайы педагог деген кім?» «Бірінші сынып оқушысының мектепке бейімделуінің психологиялық шарттары» Қазан Анықтама
6 «Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс оқуға машықтандырудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында кеңес дайындау Желтоқсан Ата-аналарға кеңес    «Оқу техникасы» кітабы
7 «Бастауыш сынып оқушыларының ұсақ қол моторикасын дамыту жолдары» тақырыбында ата-аналарға кеңес даярлау Қаңтар Ата-аналарға кеңес
8 «Бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдыларын дамыту» тақырыбында презентация даярлау Ақпан Презентация
9 Онлайн-практикум: «Нейрогимнастикалық жаттығулар арқылы оқушылардың жылдам оқу дағдыларын қалыптастыру» Наурыз Анықтама    Нейрогимнастикалық жаттығулар кешені
10 Ата-аналармен жүргізілген жұмыстың қорытындысы Мамыр Анықтама

Арнайы педагог: Кузербаева А.М.

Пайдалы ақпараттық ресурстар