Жұмыс мақсаты:Оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуын уақытында анықтау. Сөйлеу тілінде кемістігі бар балаларға көмек көрсету.
Міндеттері:
- Оқушылардың сөйлеу тілінің бұзылуларын талдау және диагностикалау.
- Логопедия сабағына қабылданған балалардың сөйлеу тілі кемістіктерінің алдын-алу. Сөйлеу тілінің кемістіктерінің түрлері мен деңгейі бойынша түзету жұмыстарын құру және іске асыру.
- Сөйлеу тілінде кемістігі бар әр баланың диагнозына байланысты жеке жұмыс жасау.
- Педагогтар мен ата-аналарға логопед жұмысының маңызын түсіндіру.
| Атқарылатын іс-шаралар | ||
| № | Ⅰ. Балаларды тексеру бойнша жұмыстар және сөйлеу бұзылыстарын түзету. | Мерзімі |
| 1 | Оқушылардың және жаңадан келген балалардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін тексеру. | 1-15қыркүйек 15-30 мамыр |
| 2 | «Мектептік консилиумдар құру және ерекше қажеттіліктері бар балаларға интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету» әдістемелік ұсынымдамасын негізге ала отырып, мектепішілік педагогикалық-психологиялық консилиум құру. | 1-15 |
| 3 | Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың диагнозына байланысты оқу жоспарын анықтап,сабақ кестесін құру, мектеп әкімшілігімен келісу,бекіту. | Уақытылы |
| 3 | Сөйлеу тілі кемістігі бар барлық оқушыларды, логопед сабағына қабылданған оқушыларды есепке алу журналына енгізу. | Жыл бойы |
| 4 | Логопед сабағына қабылданған әр оқушыға жеке дамыту бағдарламасын құру. Бағдарламаға сай түзету жұмыстарын жүргізу. | Қыркүйек-мамыр |
| 5 | Үйден оқытылатын оқушылармен коррекциялық сабақтар жүргізу | Қыркүйек- мамыр |
| Логопедиялық сабақтар жүргізу. | Қыркүйек-мамыр | |
| Мұғалімдермен жұмыс | ||
| 1 | Логопедиялық түзету сабақтарын қажет ететін оқушылармен сабақ жүргізетін мұғалімдер тізімімен және сабақ өткізу кестесімен танысу. | Қыркүйек |
| 2 | Сынып жетекшілері және пән мұғалімдеріне түзету жұмыстары туралы хабарлау(қойылған дыбыстар туралы). | Түзету жұмыстары барысында |
| 3 | Сыныптардағы әліппе, ана тілі, әдебиеттік оқу сабақтарына қатысу. | Тоқсанына бір рет. |
| Ата-аналармен жұмыс | ||
| 1 | Ата-аналармен байланыс орнату(ата –аналар жиналысына қатысу, жеке кеңестер беру) | Жыл бойы |
| 2 | Оқушымен жүргізілген түзетушілік жұмыстар туралы ақпарат беріп, үй жағдайында қадағалауын сұрау. | Түзету жұмыстарынан кейін |
| 3 | Үйден оқытылатын оқушылырадың ата-аналарын динамикалық бақылау күнделігімен таныстыру, қол қойдыру. | Қыркүйек -мамыр |
| Құжаттармен жұмыс | ||
| 1 | Сабаққа қабылданған оқушылар тізімін жасау. | Қыркүйек-мамыр |
| 2 | «Тіл кемістігінің түрлері және оның себептері» баяндама | Сәуір |
| 3 | Мамандығы бойынша өз білімін жетілдіру. | Жыл ағымында |
| 4 | Семинарларға қатысу. | Жыл ағымында |
| 5 | Жылдық есеп | Мамыр |
| 6 | ОПМК сұранысы бойынша мінездеме беру. | Сұраныс бойынша |
| 7 | Педагогикалық кеңестерге қатысу. | Жыл ағымында |
| Кабинетті рәсімдеу жұмыстары | ||
| 1 | Кабинетті жаңа оқу жылына дайындау. | 1-10 қыркүйек |
| 2 | Логопед сабағына қабылданған әр оқушыға папка арнау. Сөйлеу тілі картасын толтыру. | Қыркүйек |
| 3 | Түзету жұмыстарын жүргізу үшін дидактикалық материалдар дайындау. | Жыл бойы |
Логопед: Ж.С.Бурлибаева

