29 Шілде 2024
Мектепішілік бақылау

Мектепішілік бақылау туралы ереже

 1.     Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, білім беру мекемесінің Жарғысына, мектеп директорының бұйрығымен бекітілген мектепті дамыту бағдарламасына сәйкес әзірленді және мектеп әкімшілігінің мектеп ішілік бақылау мазмұны мен жүзеге асыру тәртібін регламенттейді.

1.2. Мектепішілік бақылау – білім беру үдерісінің жағдайын, білім беру мекемесі қызметінің негізгі нәтижелерін диагностикалау үшін ақпараттың басты көзі. Мектеп ішілік бақылау дегеніміз мектеп әкімшілігі мүшелерінің басшылық тәртібі және өз құзыры шектеуінде мектеп қызметкерлерінің ҚР заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін сақтауын бақылау түрінде жүзеге асырылатын бақылау, тексеру өткізулері болып табылады.

1.3. Мектепішілік бақылаудың негізін әкімшілік пен педагогикалық ұжымның педагогикалық үдерістің тиімділігін арттыруға, педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және ынталандыру мақсатында оларға әдістемелік көмек көрсетуге бағдарланған демократиялық негіздегі өзара іс-әрекеті құрайды.


 2.     Мектепішілік бақылаудың мақсаты мен міндеттері

 

2.1. Мектепішілік бақылаудың негізгі мақсаты білім беру үдерісін бұдан әрі дамыту жөніндегі қорытынды мен ұсыныстарды қалыптастыруға ықпал ететін себеп-салдарлық байланысты белгілеп, педагогикалық жүйенің жалпы білімнің мемлекеттік стандарттары талаптарына сәйкес жұмыс істеуі мен дамуын бекіту болып табылады.


  Оқу-тәрбие үдерісін тікелей бақылауды жүзеге асыру кезіндегі мектеп ішілік бақылаудың мақсаты:

·       педагогикалық ұжымның терең білімділігін сақтау және тұлғаның маңызды және болашақтағы қажеттілігіне сәйкес негізде білімге қол жетімділік, сапа және нәтижесін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін жетілдіру;

·       педагогикалық ұжым мүшелерінің кәсіптік әлеуетін анықтау және іске асыру;

·       білім алушылардың білім әлеуетін анықтау және іске асыру,  тұлғаны жан-жақты даму динамикасын бақылау;   

·       білім мекемесінің білім беру үдерісін жасақтау және ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

 

Мектепішілік бақылаудың міндеттері:

·        білім саласындағы заңнамалардың орындалуын бақылау, заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы және орындалмаған жағдайларын анықтау, олардың жолын кесу бойынша шаралар қабылдау;

·        педагог қызметкерлер қызметінің нәтижесіне талдау және сараптамалық бағалау жасау, озық, инновациялық технологиялар, оқытудың әдістері мен тәсілдерін енгізгені үшін жауапкершілікті арттыру;

·        педагогикалық қызмет нәтижесін зерделеу, білім беру үдерісін ұйымдастырудағы жағымды және жағымсыз беталыстарды анықтау және соның негізінде педагогикалық тәжірибені тарату, жағымсыз беталыстарды жою туралы ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау;

·        бақылау үдерісінде педагог қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету;

·        оқу материалының білім алушылардың даму динамикасына сәйкес игерілу сапасын анықтау мақсатында жекелеген пәндер бойынша білім алушылар жетістіктерінің мониторингі;

·        мектеп құжаттамасының жағдайы және жүргізілуін бақылау жүйесін жетілдіру.


 3.     Мектепішілік бақылаудың функциялары мен объектілері

 

Мектеп ішілік бақылау функциялары:

-         ақпараттық – аналитикалық;

-         бақылау – диагностикалық;

-         түзету – реттеуші;

-         ынталандырушы.

Мектеп ішілік бақылау объектілері:

-         мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау;

-         жаппай оқытудың орындалуын бақылау;

-         оқу пәндерінің оқыту жағдайын бақылау;

-         оқушылардың білім сапасын, ептілігі мен дағдыларын бақылау;

-         мемлекеттік (қорытынды) аттестаттауға дайындық және өткізуді бақылау;

-         әдістемелік жұмысты бақылау;

-         оқушылардың тамақтануын бақылау;

-         тәрбие жұмысын бақылау;

-         бейіндік алдындағы және бейіндік дайындықты бақылау;

-         оқыту шарты мен ұйымдастыруда СанЕменН сақталуын бақылау.

 

4.   Мектепішілік бақылаудың бағыттары,

түрлері, нысандары мен әдістері

 

     4.1. Мектеп директоры (немесе оның тапсырмасы бойынша директордың орынбасарлары ) қызметкерлер қызметінің нәтижесіне келесі бағыттар бойынша мектеп ішілік бақылау жасауға құқылы:

          - білім саласындағы білімге қол жетімділік, сапа және нәтижесін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР заңнамаларын және мемлекеттік саясатты сақтау;

- жалпы білімнің мемлекеттік стандарттары бағдарламаларын, оқу бағдарламаларын іске асыру;

- білім беру үдерісінде әдістемелік және ақпараттық қамтуды қолдану;

- білім алушыларды мемлекеттік (қорытынды) және аралық аттестаттау, үлгерімді ағымдағы бақылау өткізу тәртібін сақтау;

- мектептің жарғысын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және оқшауланған актілерін сақтау;

- білім алушылар мен мектеп қызметкерлернің денсаулығын қорғау және нығайту мақсатында қоғамдық тамақтану және медициналық мекеме ұйымдары бөлімшелерінің жұмысы;

- ғылыми - зерттеу жұмысын жүргізу, тәжірибелік – эксперименттік жұмыс жүргізу;

- мектеп директорының құзыры аясындағы басқа да мәселелер.

4.2. Мектепішілік бақылау барысында мұғалімнің қызметін бағалау кезінде төмендегілер ескеріледі:

- жалпы білім берудің мемлекеттік білім стандарттарын толық көлемде орындау (материалды өту, тәжірибелік жұмыстар, бақылау жұмыстарын, экскурсиялар өткізу және басқ.);

- білім алушылардың білім, ептілік, дағды деңгейі;

- білім алушылардың дербестік деңгейі;

- білім алушылардың жалпы оқу дағдыларын, зияткерлік ептілікті меңгеруі;

- білім беру үдерісінде білім алушыларға саралап жіктелген көзқарас;

- мұғалімдер мен білім алушылардың бірлескен жұмысы;

- жағымды әсерлі микроклиматтың болуы;

- оқу материалының мазмұнын іріктей білу (оқушылардың білім жүйесін игеруге бағытталған қосымша әдебиет, ақпарат, иллюстрация және басқа да материалдар);

- педагогикалық жағдайларды, рефлекстерді талдау қабылеті, педагогтық жұмыс нәтижесін өздігінен бақылау;

- өз жұмысын түзете білу;

- өз тәжірибесін қорыта, жүйелендіре білу;

- АКТ, технология элементтерін қолдана білу.
 
 4.3. Бақылау түрлері:

         - тақырыптық, сыныптық-қорытынды, тақырыптық-қорытынды, пәндік-қорытынды, пәндік, дербес;

         - фронталдық, сыныптық-қорытынды, пәндік-қорытынды, дербес.
 4.4. Мектепішілік бақылаудың бақылау мерзімділігі бойынша түрлері:

         - кіру (оқу жылының басында өткен жылғы курс бойынша);

         - алдын ала (қорытынды бақылау жұмыстары, мектеп бітіретін сыныптардағы емтихандар алдындағы алдын ала танысу, жаңа оқу жылына дайындықты тексеру);

         - ағымдағы (оқу-тәрбие үдерісін тікелей бақылау, тақырыпты өткен соң тоқсан, жартыжылдық бойынша үлгерім қорытындысы);

         - аралық (оқу жылының соңына үлгерім қорытындысы);

         - қорытынды (мектептің оқу жылы бойынша жұмыс нәтижесін зерделеу, 9, 11-сынып түлектерін қорытынды аттестаттау).

4.5. Мұғалімнің қызметін бақылау әдістері:

- сауалнама;

- әлеуметтік сұрақ;

- әңгімелесу;

- бақылау;

- құжаттамаларды зерделеу;

- сабақтарға қатысу (директордың орынбасары аптасына кемінде 5 сабаққа қатысу ұсынылады);

-  сабақтарды өзін-өзі тексеруді талдау;

- білім алушылардың жұмысы туралы әңгіме;

- білім алушылардың оқу жұмысының нәтижесі.

Оқу қызметінің нәтижесін бақылау әдістері:

-         бақылау;

-         білімді ауызша тексеру;

-         білімді жазбаша тексеру (бақылау жұмысы);

-         құрама тексеру;

-         әңгіме, сауалнама, тестілеу, әңгімелесу;

-         сынақ, реферат тапсыру, жобалық қызмет;

-         құжаттамаларды тексеру.

 5.     Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру,

жүзеге асыру және қорытындысын шығару тәртібі

 5.1. Мектеп ішілік бақылау жоспарлы немесе жедел тексеру, мониторинг, әкімшілік жұмыстар жүргізу түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.     

Жоспарлы түрдегі мектепішілік бақылау бекітілген мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес жүргізіледі. Ол оқу жылының басында директордың жанындағы кеңесте, педагогикалық кеңесте педагогикалық ұжым мүшелеріне жеткізіледі.

 Жедел тексеру түріндегі мектеп ішілік бақылау білім алушылар мен олардың ата-аналары, ұйымның өтінішінде көрсетілген бұзушылықтар туралы деректерді анықтау және мәліметтерді тексеру, білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы даулы жағдайды реттеу мақсатында жүзеге асырылады.

Мониторинг түріндегі мектеп ішілік бақылау білім сапасын басқару міндеттерін нәтижелі шешу үшін білім беру үдерісін ұйымдастыру және нәтижесі туралы ақпараттар жинау, жүйелік есеп, ақпараттарды өңдеу және талдауды қарастырады.

Әкімшілік бақылау жұмыстары түріндегі мектеп ішілік бақылауды білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау аясында оқытудың табыстылығын тексеру мақсатында мектеп директоры немесе оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары жүзеге асырады.

Оқушылардың пәндер бойынша мазмұны және сапа деңгейі дайындығын тексерудің тестілік нысанының тәжірибеге енгізілуіне байланысты, оқыту үдерісінде оқушылардың білімін тексерудің дәстүрлері нысандарымен қатар тапсырмалардың әр түрлері (жауапты таңдау, қысқаша жауап, объектілердің сәйкестігі) және тапсырмалардың дәстүрлі емес тұжырымдамалары, гипертесттерді қолдану.

Білім мекемелері қызметінің білім алушылардың дайындық мазмұны мен сапасына және түлектердің мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкестігі мәніне көрсеткіштердің өлшемдік маңызын ескере отырып, бақылау жұмыстарының орындалуына талдау жасау.

5.2. Мектепішілік бақылауды жүзеге асыру үшін негіздер:

-  педагог қызметкердің аттестаттау туралы өтініші;

- ОБ директоры бекіткен мектепішілік бақылау жоспары;

- жеке және заңды тұлғалардың білім саласындағы бұзушылықтар туралы өтініші.

5.3.Мектепішілік бақылауды жүзеге асыру ережесі

- мектепішілік бақылауды білім беру мекемесінің директоры немесе оның тапсырмасы бойынша оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері жүзеге асырады;

- мектепішілік бақылауға сарапшы ретінде қатысуға жақтас (құзырлы) ұйымдар мен жекелеген мамандар қамтыла алады;

- мектеп ішілік бақылау мектеп директоры бекіткен мектеп ішілік бақылау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады;

- бақылау жүргізу алдында ОБ бойынша бұйрық шығарылып, жоспар-тапсырма құрылады, онда аталған тексерудің өзіндік ерекшеліктері:тақырыбы, мақсаты, өткізу негізі, нысаны, әдістері, тексеру барысында қаралатын мәселелер, тексеру бақылау жұмыстарын өткізу немесе сабақтарға, факультативтерге қатысу кестесі және т.б. анықталады;

- тексеру аяқталған соң қорытынды материал (аналитикалық анықтама, инспекциялау қорытындысы туралы анықтама, тексеретін мәселе бойынша жұмыс жағдайы туралы баяндама, бұйрық) дайындалады, онда төмендегілер көрсетілуге тиіс:

тексеру негізі;

зерделенетін объектінің қысқаша сипаттамасы;

ақпарат алу көзі;

қатысқан сабақтар, іс-шаралар саны;

жоспар-тапсырмада қойылған барлық мәселелер жөніндегі ақпарат;

қорытынды мен ұсыныстар, ұсынымдар.

-         тексеру ұзақтығы әрбір нақты жағдайға белгіленеді;

-         жоспарлы бақылау жүргізу кезінде, егер айлық жоспарда бақылау мерзімі көрсетілсе, мұғалімді қосымша ескерту талап етілмейді.

Директор және оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мектеп мұғалімдерінің сабақтарына алдын ала кемінде 2-3 сабақ бұрын ескертіп қатысады, сыныптың және мұғалімнің сабаққа дайындығы туралы бақылау мақсаты белгіленген жағдайда – алдын ала ескертусіз қатысады.

5.5. Аттестатталатын мұғалімдерге фронталдық тексеру өткізген кезде, мектепішілік бақылау қорытындысымен танысқан соң олар қорытынды материалға фронталдық тексеру қорытындысы туралы хабарландырылғанын куәландырып, қолдарын қоюға тиіс. Мұнда олар қорытынды материалға бақылау қорытындысымен толық немесе жекелеген деректер мен нәтижелер  бойынша келіспейтіні туралы жазуға және мектептің кәсіподақ комитетінің дау-жанжал комиссиясына немесе білім басқармасының жоғарғы органдарына өтініш білдіруге құқылы.

Мектепішілік бақылаудың оның нысаны, мақсаты мен міндеттеріне байланысты, сондай-ақ нақты іс жағдайын ескере отырып, қорытындысы бойынша:

- педагогикалық, әдістемелік кеңестердің отырыстары, мектептің әдістемелік бірлестіктерінің отырыстары, педагогтардың жедел кеңестері, директордың жанындағы кеңестер өткізіледі;

- жасалған ескертулер мен ұсыныстар тиісті хаттамаларда белгіленеді.

5.6. Мектепішілік бақылау қорытындысы бойынша мектеп директоры келесі шешімдер қабылдайды:

- анықталған мамандар (сарапшыларды) қамтып қайталап бақылау өткізу туралы;

- бұйрық шығарып, лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту;

- бұйрық шығарып, қызметкерлерді ынталандыру;

- өз құзыры шектеуінде өзге де шешімдер.

5.7. Білім алушылар, олардың ата-аналарының өтініштерінде, сондай-ақ басқа да азаматтар мен ұйымдардың өтініштері мен сауалдарында  көрсетілген мәліметтерді тексеру қорытындысы туралы оларға белгіленген тәртіпте және белгіленген мерзімде хабарланады.


 6.     Мектепішілік бақылау жүргізу технологиясы

6.1. Фронталдық дербес бақылау

Фронталдық дербес бақылау аттестаттаудан өтуге өтініш білдірген жеке мұғалімнің педагогикалық жұмысын зерделеу және талдауды болжайды.

 Фронталдық дербес бақылау барысында әкімшілік:

мұғалімнің қазіргі заманғы психологиялық және педагогикалық ғылымдар саласындағы білім деңгейін, мұғалімнің кәсіби шеберлігін;

мұғалімнің оқытудың неғұрлым тиімді нысандары, әдістері мен тәсілдері, ақпараттық технологияларды меңгеру деңгейін;

білім алушылардың пән бойынша (пән мұғалімі ретінде) оқу жұмысының нәтижелілігін;

сыныптағы білім алушылардың оқудан тыс жұмысының нәтижелілігін (сынып жетекшісі ретінде);

мұғалімнің кәсіби біліктілігін жоғарылату тәсілдерін зерделейді.

Фронталдық дербес бақылауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік:

функционалдық міндеттері, мұғалімнің жұмыс бағдарламалары (мұғалімнің оқу жылына арнап құрастыратын, мектептің әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралатын және бекітілетін, жұмыс үдерісінде түзетілуі мүмкін күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауы), сабақтың жоспарлары, сынып журналдары, оқушылардың күнделіктері мен дәптерлері, ата-аналар жиналысының хаттамалары, тәрбие жұмысының жоспарлары, аналитикалық материалдармен танысуға;

- сабақтарға, сыныптан тыс іс-шаралар, үйірме, спорт секциялары сабақтарына қатысу және талдау арқылы мектептің педагог қызметкерінің тәжірибелік қызметін зерделеуге;

- педагогикалық қызметке сараптама жүргізуге;

- алынған ақпаратқа талдау жасап, білім беру үдерісіне мониторинг жүргізуге;

- социологиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулер: білім алушылар, ата-аналар, мұғалімдермен сауалнама, тестілеу ұйымдастыруға;

- қорытынды жасауға және басқарушылық шешімдер қабылдауға құқылы.

Педагог қызметкердің құқықтары:

-         бақылау мерзімін және оның қызметін бағалау өлшемдерін білу;

-         бақылау мақсаты, мазмұны, түрі, нысаны мен әдістерін білу;

-         әкімшіліктің қорытындылары және ұсыныстарымен уақытында танысу;

- бақылау қорытындысымен келіспеген жағдайда мектептің кәсіподақ комитетінің дау-жанжал комиссиясына немесе білім басқармасының жоғарғы органдарына өтініш білдіру.

 

 

6.2. Тақырыптық бақылау

     Тақырыптық бақылау мектеп қызметінің жекелеген мәселелер бойынша жүргізіледі және төмендегідей болуы мүмкін:

-         сыныптық – қорытынды;

-         тақырыптық – қорытынды;

-         пәндік – қорытынды;

-         пәндік;

-         дербес.

Тақырыптық-қорытынды бақылау мазмұнына педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыстарын бақылау енгізілуі мүмкін. Пәндік-қорытынды бақылау мазмұнына педагог қызметкердің анықталған пәнді оқыту жөніндеі қызметін қорыту және талдау енгізілуі мүмкін.

Педагогикалық ұжымның мүшелері оқу жылының басында және тікелей тексерудің алдында екі апта бұрын бақылау тақырыптары, мерзімі, мақсаты, нысаны және әдістерімен таныстырылуға тиіс.

Тақырыптық бақылау барысында:

-тақырыптық зерттеулер жүргізіледі (сауалнама, тестілеу);

-мұғалім, сынып жетекшісі, үйірме мен спорт секцияларының жетекшілері, білім алушылардың тәжірибелік қызметіне талдау жасалады; сабақтарға, сыныптан тыс іс-шараларға, үйірме жұмыстары, спорт секциялары сабақтарына қатысады; мектептің және сыныптың құжаттамаларына талдау жасалады.

Тақырыптық бақылау қорытындысы бойынша оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру және білім алушылардың білім сапасы, тәрбиелену және даму деңгейін жоғарылатуға бағытталған шаралар қабылданады.
 6.3. Сыныптық – қорытынды бақылау (тақырыптық, фронталдық)
 Сыныптық-қорытынды бақылау нақты сыныпта немесе параллелде жүзеге асырылады.

Сыныптық-қорытынды (фронталдық) бақылау қандай да бір сыныпта немесе параллельдегі білім беру үдерісінің жағдайы туралы ақпарат алуға бағытталған.

 Сыныптық-қорытынды (тақырыптық) бақылау педагогикалық ұжым қызметінің бағыттарының біріндегі іс жағдайы туралы (білім алушыларды бейімдеу) ақпарат алуға бағытталған.

Сыныптық-қорытынды бақылау барысында әкімшілік жеке бір сыныптағы немесе сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысының барлық кешенін зерделейді:

- барлық мұғалімдердің жұмысы;

- білім алушыларды танымдық қызметке баулу, білімге деген қызығушылықты сіңіру;

- өздігінен білім алу, өзін-өзі тексеру, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі билеуге қажеттілікті ынталандыру;

- мұғалім мен білім алушылардың ынтымақтастығы;

- сынып ұжымындағы әлеуметтік-психологиялық климат;

- білім алушылардың сабаққа қатысуы;

- оқыту нәтижелілігі.

Сыныптық-қорытынды бақылаудың ұзақтығы анықталған мәселелерге сәйкес зерделенетін істің қажетті жан-жақтылығымен анықталады.

Педагогикалық ұжымның мүшелері мектептің жұмыс жоспарына сәйкес сыныптық-қорытынды бақылау объектілері, мерзімі, мақсаты, нысандары мен әдістерімен алдын ала танысады.

Сыныптық-қорытынды бақылаудың қорытындысы бойынша педкеңестер, директордың жанындағы кеңестер өткізіледі, қосымша сынып сағаттары, ата-аналар жиналысы өткізілуі мүмкін.

 

Мектепішілік бақылау мазмұнынын ұйымдастырудың кез-келген мәселесінің жағдайын бақылау келесі кезеңдерден тұрады:бақылау мақсатын анықтау;бақылау нысанын таңдау;

· бақылау жоспарын құру;

· тексерушілерге жөн-жоба, нұсқау беру;

· бақылау формалары мен әдістерін таңдау;

· жұмыс жағдайы бойынша фактілерді айқындау;

· жұмыс жағдайын объективті бағалау;

· бағалау қорытындылары;

· оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру немесе кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар;кемшіліктерді жою мерзімін анықтау немесе қайта тексеру

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. «Жаңару — белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.

Мектебімізде жылдан жылға бақылаудың жаңа тәсілдерін қолдану мүмкіндігі ашылуда ,яғни жаңаша әдіс тәсілдерді қолдану дың нәтижелілігі анықталуда .Сондықтан да 2017 -2018 оқу жылынан №44 мектеп –гимназиясының бастап бастауыш сыныптарда иновациялық тәсілдердің түрлерін байқау, бақылау ,күтілетін нәтижеге жету мақсатында әдістерді жаңарту көзделіп қолданылып келеді .Бастауыш сыныптарда 1-4 сыныптарда 29 мұғалім дәріс береді .Мұғалімдердің 90%-жоғары білімді болса ,23 мұғалім(79 % -12-35 жыл педагогикалық өтілі

бар тәжірибелі ұстаздар .Сондықтан да тәжірибе алмасу ,үйрену ,бөлісу әдістемелік кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында мектепішілік бақылау жұмыстарын өзара бақылауға ,проблемаларды анықтауға ,оның шешу жолдарын қарастыруды бөлісетін Бақылау топтар құрылды .Бұл топқа тәжірибелі ұстаздар да ,жас мамандар да деңгейлеріне және шығармашылық қабілеттеріне қарай топтастырылды . Өйткені бастауыш сынып мұғалімдері барлық пәннен беретіндіктен пәндерге қарай шеберліктері мен ерекшеліктері де ескеріледі .Бақылау тобының мақсаты: Өзара тәжірибе алмасу ,бақылаудың сапасын арттыру ,нәтижеге бағыттау.

Осындай бақылау тобымен жұмыстану нәтиже беруде .Зерттеу нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізудеміз:

1.Проблемаларды анықтайды ,оны шешу жолдарын ұсынады ,кеңес береді .

2.Өзара тәжірибе алмасу жанданады ,сабақ берудің сапасы артады .

3.Бақылаудың сапасы артады ,нәтиже береді .

4.Мұғалімдер үнемі ізденеді ,білімдері мен практика ұштастырылады ,жаңашылдыққа ұмтылады .

4.Жас мамандарға тәжірибе жинақтауға септігін тигізеді .

5.Білім сапасы арта түседі .

6.Бақылауға ,зерттеуге қызығушылықтары артып ,шығармашылық қабілеттері дами түседі .

Әдебиеттер:

1. Бахишева С.М. Инновациялық үрдістерді мектеп басқаруда қолдану жолдары: оқу-əдістемелік құрал. − Орал, 2005. -78 б. 63.

2. Баймолдаев Т.М. Мектеп басқару: даму тарихы, ғылыми жəне əдіснамалық негіздері, тəжірибесі.-Алматы, 2009.-257 б.

Пайдалы ақпараттық ресурстар