Бастауыш әдістемелік бірлестік апталығы 25 қаңтар күні сағат 1015-1025 аралығында апталықтың ашылуын өткізуден басталды. Бірлестік жетекшісі онкүндіктің жалпы жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.
Онкүндік жоспары қазақ тілі, математика, әдебиеттік оқу, дүниетану, салауатты өмір салты, тілдер, өнер күндері бойынша ұйымдастырылды. Әр пән бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар мен ашық сабақтар тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы жаңартылған білім мазмұныныа сай өткізілді.Апталықта өткізілген сабақтардың ұйымдастырылуы мен формасы әр түрлі болды.
26 қаңтар Қазақ тілі күні болды, ұраны: «Ойлан, тексер , жаз!». Бұл күні бастауыш сынып оқушылары арасында қазақ тілі бойынша жұмбақ, сөзжұмбақ, ребустар шешіліп, «Алтын қалам» ең үздік қазақ тілі дәптерлерінің көрмесі ұйымдастырылды.
27 қаңтар Математика күні. Ұраны: «Сана, ойлан, шығар!». Бұл күні .«Цифрлар неге ұқсайды?» сурет көрмесі және «Есепте де боя!» математикалық суреттерді бояу ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылар белсені қатысып, математикалық есептерді шығарып, суреттерді бояды
https://beisekbaev.balqash.edugov.kz/ku-rdisi-beisekbaev/adistemeli-zh-myst-rdy-esebi-beisekbaev/9913-b-bejsekbaev-atynda-y-mektep-gimnaziyasy-mdsho-mkm-ni-bastauysh-synyp-p-n-birlestigini-baspalda-beisekbaev.html#sigFreeId6396fe5a6b
Осы күні 3 В сыныбында математика пәнінен «Бекіту. Күрделі құрылымның теңдеулері. Кино және цирк» тақырыбында ашық сабақ өтілді. Сынып жетекшісі Родионова Алёна Геннадиевна. Сабақты әдіс-тәсілдер пайдаланып, дұрыс ұйымдастыра білді.
https://beisekbaev.balqash.edugov.kz/ku-rdisi-beisekbaev/adistemeli-zh-myst-rdy-esebi-beisekbaev/9913-b-bejsekbaev-atynda-y-mektep-gimnaziyasy-mdsho-mkm-ni-bastauysh-synyp-p-n-birlestigini-baspalda-beisekbaev.html#sigFreeIdc5bc6c07c1
30 қаңтар Әдебиеттік оқу күні, ұраны: «Оқы, ойлан, әңгімеле!». МАД – тобында сауат ашу пәні бойынша. «Біз нені үйрендік, нені білдік?» тақырыбында сабақ өтті. Сынып жетекшісі Темирбаева Дина апай. Сабақты ұйымдастыру кезеңі өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Түрлі ойындар пайдаланылды. Сабақ мақсатында қателік жіберілгендіктен, сабақ барысына кедергісін келтірді. Сабақта ертегі кейіпкерлерінің тапырмаларын орындай отырып, балалардың қызығушылығын арттырды.
https://beisekbaev.balqash.edugov.kz/ku-rdisi-beisekbaev/adistemeli-zh-myst-rdy-esebi-beisekbaev/9913-b-bejsekbaev-atynda-y-mektep-gimnaziyasy-mdsho-mkm-ni-bastauysh-synyp-p-n-birlestigini-baspalda-beisekbaev.html#sigFreeIdbd0edb5551
4 "В" сыныбында математика пәні бойынша "Қозғалыс мәселелерін шешу. Қозғалыс және артта қалу" тақырыбында Ирсаева Галина ашық сабақ өткізді. Сынып жетекші сабақта әдіс-тәсілдер пайдалана отырып өткізді. Сабақта үнемі қалыптастырушы бағалау жүргізіліп отырылды. Сонымен қатар әр тапсырмадан кейін кері байланыс айтылып отырылды. Сабақ барысында пайдаланылған көрнекіліктер талапқа сай жасалған.
https://beisekbaev.balqash.edugov.kz/ku-rdisi-beisekbaev/adistemeli-zh-myst-rdy-esebi-beisekbaev/9913-b-bejsekbaev-atynda-y-mektep-gimnaziyasy-mdsho-mkm-ni-bastauysh-synyp-p-n-birlestigini-baspalda-beisekbaev.html#sigFreeIdbc06dbc761
Осы күні 3 Б сыныбында математика пәніне «Өзіңді тексер» тақырыбында Толғанова Сәулет сабақ өткізді.Сабақтың барысында «Кім жылдам?» ойыны қызықты ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Фри» әдісін пайдаланып есептер шығарды. Сыныптағы ерекше білімді қажет ететін баламен жұмыс жүргізілді. Бірақ сабаққа балалар толық қамтылмады.
31 қаңтар Дүниетану күні болып ұйымдастырылды, ұраны: «Қорға ,сақта, жақсы көр!». Оқушылардың арасында «Менің өлкемнің табиғаты» сурет көрмесі жасалды. Бұл көрмеге мектепалды даярлық тобы оқушылары белсене қатысты.
А, 1 Ә, 1 Б сыныптарында «Болашаққа жол ашар Ол-сүйікті Әліппе!» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Осы күні 4 «Б» сыныбында Байдаулетова А қазақ тілі сабағынан «Көмектес септік» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар белсеніп қатысты. Сабақта әдіс-тәсіллі тиімді пайдалана білмеді. Бірақ ойын түрлерін пайдаланды.
МАД - 2 тобында математика негіздерінен «1-10ға дейінгі сандарды тура және кері санау» тақырыбында Манкибаева Дидар ашық сабақ өтті. Сабақ жақсы ұйымдастырылған. Ертегі кейіпкері қонаққа келе отырып, тапсырмалар орындады. Балалар өте белсенді
https://beisekbaev.balqash.edugov.kz/ku-rdisi-beisekbaev/adistemeli-zh-myst-rdy-esebi-beisekbaev/9913-b-bejsekbaev-atynda-y-mektep-gimnaziyasy-mdsho-mkm-ni-bastauysh-synyp-p-n-birlestigini-baspalda-beisekbaev.html#sigFreeId64b5af1da1
Сонымен қатар осы күні 2 сынып оқушылар арасында «Бинго» интеллектуалдық сайыс болып өтті.Сайысты 2 сынып сынып жетекшілері ұйымдастырды. Сайыстың мақсаты:оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Интеллектуалдық сайыс 4 кезеңнен тұрды:
- Таныстыру кезеңі
- Математика басқа ғылымдармен
- Логика әлемінде
- Жанды сұрақ
Сайыс өз мәресіне жетіп 2 «Ә» сынып оқушыларының тобы жеңіске жетті.
1 ақпан Салауатты өмір салты күні, бұл күннің ұраны: «Тезірек, биігірек, күштірек!» деп аталды. Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында 1-4 сынып оқушылар арасында эстафетелық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс өте қызықты өтті. Осы күні Тажикулова Б. 1 «Б» сыныбында ана тілі сабағынан «Буын.Алматы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында тыңдалым орын алды, сонымен бірге мәтінді тізбектеп оқып әр сөйлемнен түсінгенін «Стоп, кадр» ойыны арқылы жүзеге асырды. Топта тапсырма орындады. Әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау жүргізіліп отырылды. Сабақ соңында «Бір сөйлем» әдісі арқылы рефлексия жүргізді.
https://beisekbaev.balqash.edugov.kz/ku-rdisi-beisekbaev/adistemeli-zh-myst-rdy-esebi-beisekbaev/9913-b-bejsekbaev-atynda-y-mektep-gimnaziyasy-mdsho-mkm-ni-bastauysh-synyp-p-n-birlestigini-baspalda-beisekbaev.html#sigFreeId179d4c5fc9
Сонымен қатар осы күні Диханбаева Ж 2 «Б» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Зиянды әдеттер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақты ағылшын тілі пәні мұғалімі Абдыкулова Н екеуі STEM түрінде өткізді. Сабақ барысында «Баскетбол» ойыны арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіп отырды. Ағылшын пәні мұғалімі Н.Абдыкулова ертегі желісі бойынша сөздерді ағылшын тілінде айтып үйретті. Бірақ ертегі толық ашылып түсіндірілмегендіктен балалар сабақ соңында рефлексия кезінде жасай алмады.
https://beisekbaev.balqash.edugov.kz/ku-rdisi-beisekbaev/adistemeli-zh-myst-rdy-esebi-beisekbaev/9913-b-bejsekbaev-atynda-y-mektep-gimnaziyasy-mdsho-mkm-ni-bastauysh-synyp-p-n-birlestigini-baspalda-beisekbaev.html#sigFreeId7e8fd8c854
Осы күні 3 «А» сыныбында Сексенбаева Г математика пәнінен «Есептеу. Қорытындылау» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ психологиялық ахуал ұйымдастырудан басталды.Сабақ барысында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білді. Атап айтатын болсақ «Шыбын аулау», «Табан іздері» т.б. Сабақты «Почта жәшігі» арқылы рефлексия жасады.
https://beisekbaev.balqash.edugov.kz/ku-rdisi-beisekbaev/adistemeli-zh-myst-rdy-esebi-beisekbaev/9913-b-bejsekbaev-atynda-y-mektep-gimnaziyasy-mdsho-mkm-ni-bastauysh-synyp-p-n-birlestigini-baspalda-beisekbaev.html#sigFreeIdcf6c3e7480
Ақпанның 2 күні Тілдер күні болып белгіленді....». Осы күні 1«Ә» сыныбында Мұрат Мәдина жаратылыстану пәнінен «Уақыттың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында сабақ өтті.Мұғалім оқушыларды сабаққа қызықтыра білді. Сабақ кезінде пайдалынылған әдіс-тәсіллер, ойындар, кері байланыс оқушылардың қызығушылығын оятып, сабақ жоғары деңгейде өтті.
https://beisekbaev.balqash.edugov.kz/ku-rdisi-beisekbaev/adistemeli-zh-myst-rdy-esebi-beisekbaev/9913-b-bejsekbaev-atynda-y-mektep-gimnaziyasy-mdsho-mkm-ni-bastauysh-synyp-p-n-birlestigini-baspalda-beisekbaev.html#sigFreeId83d0e64c4b
2 «Ә» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Дәруменнің пайдасы» тақырыбында STEM сабақ (ағылшын тілі) өтілді.
Сынып жетекшісі Нұрланбекова Ж және ағылшын тілі пәні мұғалімі Сағынаева А жүргізген сабақта ойын да, әдістер тиімді пайдаланды. Сағынаева А берген тапсырмаларды балалар қызығушылықпен орындады.
https://beisekbaev.balqash.edugov.kz/ku-rdisi-beisekbaev/adistemeli-zh-myst-rdy-esebi-beisekbaev/9913-b-bejsekbaev-atynda-y-mektep-gimnaziyasy-mdsho-mkm-ni-bastauysh-synyp-p-n-birlestigini-baspalda-beisekbaev.html#sigFreeIdf5f30bcade
Бұл күні сонымен қатар 2 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Тұз тіршіліктің нәрі» тақырыбында Қоңырбаева А. өткізген сабақ өте жоғары дәрежеде өтті. Сабақта тыңдалым, оқылым, жазылым болды. Балаларға тұздың қасиеті туралы тәжірибе жасап көрсетті. Сонымен қатар әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білді. Атап айтатын болсақ «ВЕНН диаграммасы», «Тарсия», «Карусель» әдісі арқылы жауап беретін оқушыны анықтап отырды. Бірақ сабақ кезінде оқушыларды толық қатыстыра білмеді, тек санаулы балаларды ғана сабаққа қатыстыра білді.
https://beisekbaev.balqash.edugov.kz/ku-rdisi-beisekbaev/adistemeli-zh-myst-rdy-esebi-beisekbaev/9913-b-bejsekbaev-atynda-y-mektep-gimnaziyasy-mdsho-mkm-ni-bastauysh-synyp-p-n-birlestigini-baspalda-beisekbaev.html#sigFreeIda085bb5ff4
Тілдер күні болып белгіленгендіктен қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты мәнерлеп өлең оқу сайысы жүргізілді. Сайысқа МАД, 1-4 сынып оқушылары қатысты. Мәнерлеп өлең оқу сайысыны барлығы 22 оқушы қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша Бас жүлдені 1 «А» сынып оқушысы Жандосқызы Фатима иеленсе, 1 орынды: Олжасұлы Арсен-1 Б, Исатай Айзер-1 а, Жанатбек Нұрасыл-1Ә, Серік Нұрерген-2 Ә, Әлібек Айбібі-4 Б сынып оқушылары иеленді.
https://beisekbaev.balqash.edugov.kz/ku-rdisi-beisekbaev/adistemeli-zh-myst-rdy-esebi-beisekbaev/9913-b-bejsekbaev-atynda-y-mektep-gimnaziyasy-mdsho-mkm-ni-bastauysh-synyp-p-n-birlestigini-baspalda-beisekbaev.html#sigFreeIdee207b93ca
«Жүзден жүйрік» математикалық сайысы 3а, 3б сынып оқушылары арасында өткізілді.Сайыс 5 айналымнан тұрды:
- айналым: Ширату
- айналым: Ойлан, есепте
- айналым:Жалғасын тап
- айналым:Ойнай жүріп, ойлаймыз
- айналым:Білімді мыңды жығады
Сайыс тартысты әрі қызықты өтті. Сайыс нәтижесі бойынша 3 а сыныбы жеңімпаз атанды.
https://beisekbaev.balqash.edugov.kz/ku-rdisi-beisekbaev/adistemeli-zh-myst-rdy-esebi-beisekbaev/9913-b-bejsekbaev-atynda-y-mektep-gimnaziyasy-mdsho-mkm-ni-bastauysh-synyp-p-n-birlestigini-baspalda-beisekbaev.html#sigFreeIdc121941fbf
Ақпанның 3-і. Өнер күні. Онкүндіктің жабылуы «Туған жердің балдырған ұланымыз, Әдептілік, батылдық ұранымыз». Даярлық топ, 1-4 сынып оқушылар апталықтың жабылуына белсене қатысты. Әр сынып оқушылары «Таза дәптер » сөзжұмбақ, ребус шешу, суреттер салу тапсырмаларына қатысқаны үшін марапатталды.
Бірлестік жетекшісі: Тажикулова Б.М.