18 Шілде 2024
Мектеп кітапханасы

Оқуға құштар мектеп жобасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады.

Мақсаты: оқу мәртебесін арттыру, оқу іс-әрекеті және оқу сапасын арттыру, балалардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сонымен қатар жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру. Көрме - оқырмандарға қосымша білім алуға, ұсынылған тақырыпқа қызығушылықты қалыптастыруға және кеңейтуге мүмкіндік беретін әдебиетті көрнекі насихаттаудың негізгі әдістерінің бірі.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтқандай: «Оқу - дүниетаным туралы ой-өрісті кеңейтуге көмектеседі, сыни ойлауды дамытады6 білімді, шығарма кейіпкерлерінде болатын мінез-құлық үлгілерін сіңіруге көмектеседі, жалпы, адамды тәрбиелейді. Мұның бәрін бала кезінен бастау керек. Сол кезде әдебиетке деген сүйіспеншілік адамның бүкіл өмірінде болады».

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар