2024 жылдың 20 желтоқсанында Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясында Ресей батыры, Қазақстан халық қаһарманы Б.Бейсекбаев атындағы кабинет ашылды. Бұл маңызды шараны жүзеге асыруға белсене атсалысқан азаматтар - Азат Үкітайұлы, Қыстаубаев Абдижаппар Өгізбаевич, Бейсебеков Мұратбек Алтынбайұлы және Камзин Бакытжан Мухамедиевич болды. Олардың демеушілігімен ашылған жаңа кабинет білім беру саласында үлкен серпіліс жасауға және жастардың білім мен тәрбиесін арттыруға бағытталған.
Б.Бейсекбаев атындағы кабинет тек қана физикалық кеңістік емес, бұл жерде шәкірттеріміздің білім алуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және болашаққа қадам басуға барлық қажетті жағдайлар жасалған. Кабинет заманауи техникалық жабдықтармен толыққан, ал мұғалімдер мен оқушыларға арналған әртүрлі ресурстар білім сапасын арттыруға бағытталған. Мұнда мектептің шығармашылық және ғылыми жобалары үшін алаңдар, топтық жұмыстарға арналған орындар мен түрлі әдістемелік құралдар қарастырылған.
Бұл кабинеттің ашылуы мектеп оқушылары үшін үлкен жетістік әрі шабыт көзі болмақ. Осы шараның арқасында жас ұрпаққа сапалы білім беру мен тәрбие алу мүмкіндіктері кеңейіп, олардың тұлғалық және кәсіби дамуында маңызды рөл атқарады. Демек, бұл бастама тек бүгінгі шәкірттер үшін емес, болашақта да үлкен маңызға ие болатын бастама.
Алдағы уақытта да осындай игі бастамалар мен жобалардың жалғасуын тілейміз.
07 Ақп 2025
Батырларға тағзым
Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясында жаңа кабинет ашылды

Жаңалыктар
-
05 Қаң 2025
-
26 Қырқ 2024
-
30 Шілде 2024
-
30 Шілде 2024
-
26 Шілде 2024
Пайдалы ақпараттық ресурстар