30 Шілде 2024
Психолог кеңесі

Психолог кеңесі

Ата-аналарға психолог кеңесі.

Көбінесе, ата-аналар баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетінде оқыс өзгеріс байқаған жағдайда, ойлана бастайды. Ата-аналар, баланың дастарханға шақырған сәтте ойыншықтарын қойып, дастарқанға жайғасып, айтқандарын екі етпей орындағандарын қалайды. Көп жағдайда, керісінше болып жатады.Бала тәрбиесіне салғырт қарағандықтан, кейін баланы игере алмай қалатын сәттер кездеседі. Ата-ана бала тәрбиесіне өзі жауапты екенін сезіну керек.

Баламен тіл табысуға, жақсы қарым-қатынас орнатуға, осы кеңестердіңпайдасы болады деген ойдамын.

1. Ата –ана билігінің орнын дұрыс қолданыңыз.

Ата-ана билігінің шексіз екенін түсініңіз. Ата-ана баласының негізгі әлеуметтік және мәдени ережелеріне назар аударуы қажет, ол айналасындағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орната білу үшін.

Алайда, біз «Балаға үстемдік» позициясын ұстанып: оның не сезінуі, нені ойлауы, қандай баламен дос болуы керек екендігі туралы идеяларымен шабыттандырғанымыз қателік болады. Ата-аналар балаға «Саған қалай керек екендігін білемін», «Саған жақсылық тілеймін, мұның бәрі сен үшін» деген сөйлемді жиі қолданады. Бұл фраза – баламен жұмыс істеудің өте кең таралған тәсілі,бірақ баланы өзіңіз қалаған нәрсені жасауға мәжбүр етпеңіз. Көбінесе мұндай түзетулер балада күшті наразылық пен агрессияны тудырады, немесе өздерінің дәрменсіздігі мен елеусіздігін сезінеді, және бұл өз-өзіне деген төмен бағаға, тәуелділікке және ер жеткенде пассивті өмірге тікелей жол ашады.

2. Баланың таңдауына тиым салмаңыз.

Ата-аналар балаға қызықты, қалап тұрған нәрселеріне (мысалға, компьютерлік ойындарда ұзақ отыруға,тәттіні көп жеуге) тиым салады. Есте сақтау керек, ең бастысы – орынды тиым салу . Балаларға тәуелсіздіктерін көрсетуге мүмкіндік беретін жағдайлар бар. Мысалы, баланың киімін таңдағанда, олардың пікірін сұраңыз немесе өздеріне ұнайтын нәрсені таңдауға мүмкіндік беріңіз.

3. Дұрыс іс-әрекеттерін мақтап отырыңыз.

Баланы мақтаған кезде, мақтаудың не себепті екенін түсіндіру қажет. Себебі, ол баланың есінде қалады да, сізді жиі қуантуға тырысады. Ондай жағдайда баланы ұмтылып жатқаны үшін мынадай сөзбен қуантып қою қажет: «Сенің өз табағыңды жуғаныңа өте қуаныштымын!» немесе «Сен үй тапсырмаларыңды өзің орындап отырғаныңа сондай қуаныштымын!» балада тәуелсіздікті дамытуға және өмірдің қиыншылықтарын жеңуге күш табуға көмектесетін позитивті ата-аналық ұстанымдар болу қажет.

4. Жазаладыңыз ба?, түсіндіріңіз...

Бала не себепті жазаланғанын білуге тиісті. Егер сіз баланы бұрышқа тұрғызып қойып, себебін айтпасаңыз ол не себепті тұрғынын түсінбейді.Мұндай жағдайларда, бала өзін еш себепсіз кінәлі сезініп. Бойындағы өзіндік бағасы төмендейді. Бала үшін ата-ана - бұл қатаң өкілеттік, ал егер анаң немесе әкең сені жаман деп айтса, онда ол солай.

Егер бала қандай-да бір заңсыздық жасаған болса, оған бұл туралы айту керек, мысалы, «балалар тамақ жегенге дейін қолдарын жумаған кезде» - жағымсыз екенін немесе «балалар басқа балаларды ұрғанда» -мен ашулымын деген сияқты сөздерді қолданып, себебін міндетті түрде түсіндіріңіз.

5. Ережелерді түсіндіріңіз...

Балалар қоғамда өмір сүретін ережелерді білгісі келеді және оларды ұстануға ат салысады. Мысалы, ойын әрекетінде олар барлық ережелерді қатаң сақтауға тырысады және олардың бұзылуына белсенді қарсылық білдіреді. Сондықтан, әрқашан өзіңіз орнатқан ережелерді түсіндіріп, оларды өзіңіз ұстануды ұмытпаңыз, өйткені балалар сізден үлгі алады.

6. Баланың пікірін құрметтеңіз..

Ерте жастан бастап баланың пікірін құрметпен қарау. Бұрыс пікірін талқылап, дұрыс пікірін қолдап, назар аударып отыру – бала тәрбиесіндегі маңызды іс. Диалогтік формадағы тәрбие баланың жеке басының дамуына, оның жеке басының санасы мен өзін-өзі тануына әсер етеді.

7. Балаңызбен әділ болыңыз...

Бала өтірік айтып, алдағанды тез сезеді. Өзін басқалардан артық екендігіне сенімді болған баланың көңілін елестетіңіз, ата-аналары алдаған кезде. Әрине, бала сіздің сүйіспеншілігіңіз бен қолдауыңызды сезінуі керек. Бірақ, ол дұрыс емес бірдеңе сезсе, сіз мұны тыныш және жылы шыраймен ашық түсіндіріп айтыңыз.

8. Баламен қатарласы ұқсап қарым-қатынас жасаңыз.

Бала ойын еркін айтпай, сізден құпия сақтап, бірдеңе жасырғанын қаламайсызба? Баламен қатарлас досы сияқты қарым-қатынас жасап, баланың дәрежесінде, сәйкестеніп сөйлесіңіз.

педагог-психолог:
Рысбекова Г.Е.

Пайдалы ақпараттық ресурстар