Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен" МКМ КОНКУРС жариялайды:
2024-2025 оқу жылына конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау 2024 жылдың 11 тамызынан басталады.
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" және мектебіміздің ресми сайтына (beisekbaev.balkhash.edu.kz) жарияланады.
Конкурс төмендегідей бос орынға жүргізіледі:
- математика (орыс сыныптары) - 1 негізгі орын 16 сағат
- бастауыш орыс сыныбы - 1 негізгі орын 16 сағат
- орыс тілі мен әдебиеті - 1 негізгі орын 16 сағат
Конкурс өткізілетін мекеменің мекен-жайы: Бақанас ауылы Ы.Алтынсарин атындағы көше, №21. Анықтама байланыс телефоны: 8 /72773/ 91-6-69
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
8) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін «Педагог» санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
9) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпараттар (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан.)