30 Шілде 2024
Ата-аналар жиналысының хаттамалары

8б сыныбы ата-аналар жиналысының хаттамасы

Күн тәртібінде:
1.2020-2021 оқу жылының жылдық қорытынды есебі.
2.2021-2022 оқу жылының мақсат, міндеттері, сынып жоспары туралы.
3.Әртүрлі мәселелер.
Қаралды:

Алғашқы сөзді сынып жетекшісі Сейсенбаева Гулназ Ақылбайқызыалды. Өткен оқу жылында атқарылған іс-шараларға, жеткен жетістіктерге тоқтала отырып, сыныптағы белсенді оқушыларды атап өтті.Мәдіхан Мейржан, Ғалымұлы Шыңғыс, Әлім Аяулым, Қасымхан Жайнар, Еркінқызы Тоғжан, Рысқұл Жібек, Ержанұлы Ерназар, Қанатқызы Айтолқын, Мәдиқызы Нұрай, Үкітай Алинаның жетістіктеріне алғыс білдірді. Аталған оқушылар сыныптың білім сапасының да жоғары болуына ықпал етуде. Осы орайда, ата-ана Әділханова Балапан балалардың жетістіктеріне ризашылығын білдірді.

2021-2022 оқу жылының мақсат- міндеттерімен таныстыра отырып, сыныптың тәрбие жоспары жайлы, оған енгізілген тәрбиелік мәні бар іс- шараларға тоқталып өтті. Басты мақсат, жүйелі білім алу үшін сабаққа даярлықты күшейту. Мұғалім БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын тиянақты орындай отырып, жақсы қорытынды бағаға ие болу. Қойылатын балл саны мынадай арақатынаста есептелетінін ескертіп өтті. БЖБ – 25%, ФБ – 25%, ТЖБ – 50%. Гимназия сыныбы болғандықтан, білім сапасының жоғары болуы міндетті. Білімге ден қоя отырып,тәрбиемізді де назардан тыс қалдырмауымыз керек. 

Оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуы мен сабаққа даярлығы, мектеп формасы туралы әңгіме қозғалды. 

Сынып оқушыларының әлеуметтік жағдайы ескеріле отырып, көп балалы, толық емес отбасылар мен жартылай жетім балалар оқулықпен толық қамтамасыз етілді. Қалған оқушылардың да оқулықтары толықтырылды.

Шешімі:

1. Оқушылардың сабаққа даярлығы ата-ана тарапынан қадағаланылсын;
2. Оқушылардың мектеп ережесіне бағынуы сынып жетекшіге жүктелінсін;


8б сыныбы ата-аналар жиналысының №2 хаттамасы 

29.10.2021ж

Қатысқаны: 21
Қатыспағаны: 3
Күн тәртібінде:

1.2021-2022 оқу жылы I тоқсаннын қорытындысы, II тоқсанның міндеттері.
2.Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу.
3.Әртүрлі мәселелер.

Қаралды:

Алғашқы сөзді сынып жетекшісі Сейсенбаева Гулназ Ақылбайқызы алды. Биылғы оқу жылын 25 оқушы бастады. Оның 11-і қыз бала, 14-і ұл бала. Тоқсан бойынша білім сапасы 78% болды.

Оқу үздіктері: 4 Оқу екпіндісі: 15 Орташа: 5
Бұл тоқсанда оқушылардың сабаққа белсенділігі ,өткен жылмен салыстырғанда төмендеу көрсеткішке ие болды. Алдағы тоқсанда сапаның көтерілуіне күш салуымыз қажет. Гимназия сыныбы болғандықтан, білім сапасының жоғары болуы міндетті. Білімге ден қоя отырып,тәрбиемізді де назардан тыс қалдырмауымыз керек. Оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуы мен сабаққа даярлығын мұқият қадағалауымыз қажет.

Ата-аналарға «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында сынып жетекші Сейсенбаева Г.А. шағын баяндама оқыды.Баяндама мазмұнына сай ата-аналар: Әділханова Балапан, Адилбаева Ардақ, Абдыкулова Нұргул сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Бала тәрбиесі баршамызға ортақ. Сондықтан, бірлескен іс-шараларға ат салысуды алға мақсат етіп қойды. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану жолдары туралы әңгіме қозғалды. Бірінші тоқсанда қатысқан шаралардың нәтижесін айта отырып, оқушы марапаттарымен таныстырды. Бұдан ары қарайда шараларға қатысу өз жалғасын табады деп сенім білдірді.

Шешімі:

1. Оқушылардың сабаққа даярлығы ата-ана тарапынан қадағаланылсын;
2. Оқушылардың II тоқсандағы білім сапасының жоғары көтерілуі сынып жетекшіге жүктелінсін;

Пайдалы ақпараттық ресурстар