23 Шілде 2024
Қашықтан оқыту

Оқытуды цифрландыру Bilimland ресурстарын пайдалану қаншалықты тиімді?

Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназияның ұйымдастыруымен аудан мектептері арасында «Оқытуды цифрландыру Bilimland ресурстарын пайдалану қаншалықты тиімді?» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн вебинар өтті. Мақсаты – аудан мұғалімдерімен тәжірибе алмаса отырып, оқытуды цифрландыру Bilimland ресурстарын сабақта тиімді пайдалану. Бұл вебинарға ауданымыздағы 20 мектеп мұғалімдері қатысты. Вебинарды мектеп-гимназия директоры Жайдары Даупасқызы бастап, педагог- сарапшы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлжан Мұхтарқызы 5 «а» сыныбында Bilimland.kz ресурстарын қалай қолданып жатқандығы туралы іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, педагог- сарапшы, информатика пәнінің мұғалімі Меруерт Ердахметқызы мектеп-гимназияның мұғалімдері мен оқушыларының BilimLand порталындағы статистика көрсеткіштері бойынша өз таныстырылын көрсетіп, өз ойымен бөлісті. Соңында аудан мұғалімдері өз ой-пікірлерін, ұсыныстарын Padlet тақтасына жазбаша қалдырды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар