ІV тоқсанның 3-ші аптасыда аяқталуға жақын. Алдыңғы апатада берілген хабарламада көрсетілген жұмыстар бұл аптада жүзеге асырылуда. Барлық отбасында «Балапан», «Еларна» теле - бағдарламасы көрсетеді. Ата-аналардың барлығы телеарналардан берілетін сабақ кестесімен және мектеп мұғалімдері тарапынан жүргізілетін сабақ кестелерімен әр аптаның соңында келесі аптаның сабақ кестесімен таныстырылады.
Пән мұғалімдері тарапынан жүргізілетін сабақтар ватсап мессенджері, googl classroom арқылы жүзеге асырылуда. Барлық пәндер бойынша жеке-жеке чат/группалар құрылған. Сабақтың қысқаша мазмұны, орындалатын тапсырмалар. Үй тапсырмасы жазылған сабақ жоспары осы чаттарға жіберіледі және кері байланыс беріледі, яғни мұғалім мен оқушы арасында байланыс бар. Сондай осы чаттарға бейнесабақтар да немесе қажетті ресурстар сілтемелері қоса көрсетіледі. Қажет тұстарында дыбыстық хабарламалармен де түсіндіріледі. Оқушылар өздері орындаған тапсырмаларын суретке түсіріп, қайта пән мұғаліміне жіберіп отырады.
Сондай-ақ мектеп оқушылары. пән мұғалімдері Bilimland, daryn.online платформаларына тіркелген. Қажетті материалдарды кез - келген уақытта көре алады.
11 сынып оқушыларына сабақтан тыс уақытта осы аталған платформалардағы тест тапсырмаларын орындау тапсырылды. Олардың қорытынды аттестаттауға дайындық барысы пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің және жауапты әкімшілік мүшесінің назарында.
Мектепалды даярық сыныптарындағы 44 бала, олардың ата-аналарымен құрылған ватсап чаттары арқылы түрлі тағылымды бейнеролликтер жіберіліп таныстырылуда.
Әр күннің соңында сынып жетекшілері өз чаттары арқылы ата-аналармен байланысқа шығып, қандай кедергілер болғандығы жөнінде пікір алысу жұмыстары да жүзеге асырылуда.
Бірлесе атқарылған жұмыстардың нәтижесінде кездескен кемшіліктер түзетілуде. Алғашқы аптада кездескен кедергілердің қатарында жіберілген бейнесабақтардың бірден ашылмауы, немесе ашылуға қажетті бағадарламалардың болмауы, үй тапсырмасының көлемінің көптігі айтылса, бүгінгі күні кейбір ата-аналар тарапынан тапсырмылырдың оңайлығы, ол баланың терең білім алуына кері әсерін тигізетіндігі жөнінде өз пікірлерін білдіруде. Ол балалармен пән мұғалімдері мүмкіндіктеріне қарай жеке жұмыстар жүргізуде.
Аталған кедергілерді болдырмау мақсатында пән мұғалімдерімен, ата - аналармен түсіндірме жұмыстары күнделікті жүргізілуде.
Күнделікті тиісті, қажетті чаттардан келіп түскен республикалық, облыстық, аудандық вебинарларға, конференцияларға қатысудамыз.
«Біз біргеміз» акциясы аясында мектеп ұжымы атынан көмекке мұқтаж отбасыларға бірқатар азық - түлік және маскалар таратылды және бұл жұмыс әлі де жалғасын табады. Алдыңғы аптада мектебіміздің көпбалалы 3 отбасына азық-түлік жағынан көмек көрсетілсе, осы аптада тғыда 2 отбасына көмек көрсетілді.
Ұжым мүшелері толықтай ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жыл 17 сәуірдегі №149 «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына енгізілген толықтырулармен таныстырылды.
Сондай-ақ пән мұғалімдеріне оқушылардың түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысуларына болатындығы және қатысу қажеттіліктері де айтылуда.
Қашықтан оқытуға уға дайындық барысында «Қашықтан оқыту дегеніміз не?», «Мен қашықтан қалай оқимын» деген тақырыпта сынып жетекшілер оқушылар мен ата-аналардың техникалық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. V тоқсанның бірінші күні барлық сыныптарға «Мен қашықтан қалай оқимын» тақырыбында сынып сағаттары өтті, кері байланыстарын жасап түсінгендерін атты, проблемалармен бөлісті.
«Өзіңді вирустық жұқпалы аурудан қалай сақтап қаласың», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде » атты тақырыпта WhatsApp желісі арқылы қашықтан сынып сағаты өткізілді, түрлі сілтемелер мен видеолар таратылды.
«Өрт қауіпсіздігі және оны болдырмаудың амалдары», «Табиғатты қорғайық, Аман – есен болайық» тақырыбында «Үйде бол» «Біз біргеміз» акциялары өз орнымен өтіп жатыр. Карантин уақытында оқушылар мен оның ата-аналарына өрт қауіпсіздігі және оны болдырмаудың амалдары туралы WhatsApp желісі арқылы екі тілде, түрлі видеолар, сілтемелер, аудио хабарламалар таратылды
Сонымен қатар ауданнан әлеуметтік желілер арқылы келіп жатқан хаттарға, таблицаларға мүмкіндігінше дер кезінде, арасында аздап кешіктіріп жауап қайтарылуда.
Білім және ғылым вице министрі Б.Асылованың бекіткен ережесіне сәйкес, «Бақыт от басынан басталады» атты конкурсқа видеороликтер түсіріліп жіберілді.
Мектеп-гимназия директоры: Ж.Д.Алимбаева.